Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет18/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, кейбір жер-су атауларының өзгеріске түсуі не 
болмаса кезінде болған кейбір нысандардың бүгінгі таңда белгілі бір 
тарихи, экономикалық факторлар әсерінен жоғалуы (бұл жерде қазір 
орны жоқ ауылдар мен халқының саны азайып, жоғалудың алдында 
тұрған ауылдар туралы айтып отырмыз. Іс-сапар барысында ондай 
мекендер біршама кездесті. Қазіргі ресми ақпарат бойынша 13 ауылдық 
округ, 50 елді мекен болса, сөздік түзу барысында 140- қа тақау елді 
мекен атауы жазылды) уақыт өткен сайын сол нысандармен бірге сол 
өңірге қатысты аңыздардың да ұмытылып қалуына себепші болады, 
бұл әрине әр аймақ бойынша топонимдік аңыздарды топтастырып, 
реттеудің тарихи және саяси маңыздылығын көрсетеді. 
«Шығыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі ұлттық негіз. 
(Катонқарағай ауданында болған ономастикалық экспедиция 
материалдары бойынша) тақырыбындағы сөздік жобасы осы ауданның 
әр ауылында қаншама ғасыр бойы мекендеп келе жатқан қазақтардың, 
жергілікті жер тұрғындарының айтуы бойынша жазылып алынды. Жер 
жағдайын, ел ішінің әңгімесін сол кісілердей білетін адам болуы мүмкін 
емес. Сонымен қатар өңірлік жазушылардың шығармаларының біразы 
қаралып, жазушылар шығармаларында берілген жер- су атаулары, 
«Арай» газетінің 1976-1996 жылдар арасында шыққан сандары қаралып, 
газет бетінде жазылған атаулар да қарастырылды. Жергілікті ақын-
жазушылар шығармаларынан, шежірешілер еңбектерінен, БАҚ-нан т.б. 
дерек көздерінен жиналған атау -1074, жергілікті тұрғындардан жазылып 
алынған атаулар 1505 атауды құрады. Катонқарағай ауданына қарасты 
жер- су атауларының барлығы тізбеге түсті деп айта алмаймыз. Қазақ 
топонимдерінің тілдегі байырғы көне, орта ғасыр, жаңа дәуірлердегі 
үлгілері тарихи және лингвистикалық тұрғыдан талданып, олардың 
ұлттық мәдениет, ұлттық әдебиет, ұлттық тарихпен байланысын 
қарастыру үлкен әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы басты мақсат 
болып табылады. 
– өңірлік топонимдер этнотанымдық, лингвотарихи, этномәдени 
тұрғыдан сол аймаққа қатысты ғана емес, сонымен қатар жалпы қазақ 
топожүйесіне қатысты да мол материал көзі екендігі анықталды;
– мазмұны ұлттық, тұлғасы сан алуан топонимдердің күрделі 
табиғатын толық біліп, жете түсіну үшін, оның толып жатқан сан-
салалы мәселесін әлі де жан-жақты зерттей түсу қажеттігі анықталды;


45
– өңірлік топонимдерді бірегейлестіру, сол аймақтың тарихын 
айшықтауға негіз болатыны анықталды; 
– өңірлік топонимдерді, соның ішінде көші-қон атауларын тізбеге 
түсіру барысынд а, қазақ тілінің бай ономастикалық қорына үлесі 
анықталды;
– аймақтық топонимдер, көші-қон атаулары жергілікті халықтың 
санасында қалыптасқан танымнан ақпарат беретіні анықталды.
Қазіргі таңда ұлт мәдениетін жаңғыртып тануда, тарих қойнауынан 
тіл арқылы жеткен мәдениеттің мәйегін таразылау, салмақтысын, 
сапалысын сол ұлттың рухани арқауы ету «Мәңгі ел» идеясымен өзектес. 
Ұлттық топонимиядағы ұлттық сана ұлттық бірегейліктің бірден бір 
көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет