ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАТОНҚАРАҒАЙ
АУДАНЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ – ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ
2.1 Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жер-су
атауларының лексика-семантикалық ерекшелігі
Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сандық көрсеткіші
Ант
ро
топоним
Этно
топоним
Гидроним
Ороним
Ойк
оним
Некроним
Зооним
Дро
мо
мним
Дрим
оним
БАР
ЛЫҒЫ
385
29
356 273 135
19
141
12
8
1731
Антропонимге (адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөні,
жалға, бүркеншік, жасырын аттары) байланысты топонимдер Абай,
Абақай, Алпыстың көңі, Алтыбай, Алтынай, Ботай, Бөгенбай,
Буранбай, Далықтай көлі, Дәрке бұлағы, Даубай, Дәрімбет, Дүкеннің
Жалқарағайы, Есімқан тоғайы, Жапық, Жаматы, Жамбыл, Қаржау,
34
Қарлығаш, Нияз түбегі, Нілібай, Омар көңі, Еркетай қиясы, Есімжұрт,
Есімқан тоғайы, Жазитөлген, Жақыпбай, Жанақай, Жәбікен, Жекебай,
Жуанхан жұрты, Жылқыбай, Қабанбай т.б. көптеген атаулар кездеседі.
Жинақталған атаулар – 385, бар атаудың 28% құрайды.
Этнотопонимика ру-тайпа атауларынан жасалған жер-су атаулары
қоғамдық-әлеуметтік құрылымы ежелден ру-тайпалыққа негізделген
жер-су атаулары тән.
Ақбұлақ, Әтеке жұрты, Байкерей, Ботай, Есімжұрт ,
Жалпақжұрт, Жуанхан жұрты, Жүніс жұрты, Жылқы ауыл , Зәңгінің
жұрты, Иықжұрт , Кәрмен жұрт, Көксеген жұрт, Қайшы жұрт,
Қашау, Қиюбай жұрты, Қошқар жұрт, Мамай жұрт, Мүсәйіптің
жұрты, Орақбай, Оралбай жұрты , Сарқын жұрты, Сәбік жұрты,
Тақтай жұрты ,Тәмжи жұрты, Төлегенжұрт, Шоңмұрын жұрт,
Шұңқыр жұрт, Шолақбай жұрт т.б., көптеген жер атаулары кездеседі.
Жинақталған атаулар – 29, бар атаудың 2% құрайды.
Ороним – таудың, қыраттың, шоқының атаулары. Жинақталған
атаулар – 273, бар атаудың 20% құрайды. Мысалы, Алатай, Бақтыбай,
Басқышұңқыр, Бәйгежота, Берікқар, Бүркітұя, Далықтай,
Доңғал, Екіаша, Жалаңашбет, Жалбыртөбе, Жалғыз, Жалкезең,
Жаматы, Кәлім асуы, Китің, Киік, Көгілдір тау, Көкжота,
Көкқаптал,Күреңөгіз,Күреңбел, Қайнар, Қарағай, Қарағайлы, Қаратау,
Қазаңшұңқыр, Үштөбе, Шимойын текше, Шоқпарсай, Шөгел,
Шұбартау, Шыңдығытай т.б.
35
Гидроним – су объектiлерiнiң атаулары. Осы Арасан қайнары, Арғұт,
Ақбұлақ, Айнакөл, Айбалта, Ақтүйе, Алатай, Әулиекөл, Балықты,
Бұқтырма, Балғын, Бөденелі, Екіаша, Жирен Байтал, Жіңішке, Зеренді,
Зәңгі, Көкөзен, Көксу, Бұрқат, Көккөл, Қаракелі, Қаумыш, Қоскөл,
Сарыкөл, Кеңсай, Кесек, Күйген, Қайса, т.б. өзен-көлдері мен бұлақ-
бастауларының әрқайсының өзіндік ерекшеліктері мен аталу тарихы
бар. Жинақталған атаулар – 356, бар атаудың 26% құрайды.
Зоонимге (жануар мен құстарға) қатысты топонимдерге Алатай,
Қызылсиыр, Жиренат, Бүркіт ұясы, Балықты, Ақбота, Ағоян, Бычий
хвост, Бүркіт, Гусинный, Ешкіөлген, Ешкіқырған, Жылқыауыл, Киік,
Марал, Маралды, Маралдыкөл, Көкала айғыр, Көкбұзау, Күреңөгіз,
Қаралақ, Қарасуыр, Қаратүйе, Қасқырсойған, Қошқар зираты,
Құлайғыр, Құндызды, Құндызды көлі, Құрттыкөл, Құсферма және
т.б. Үй жануарлары аттарымен қойылған топонимдер метафоралық
атау болып келеді немесе белгілі бір жануарға байланысты тікелей
сол жерде өткен оқиғаны көрсетеді. Жинақталған атаулар – 141, бар
атаудың 10 % құрайды.
Ойконим -– елдi-мекендердiң (ауыл, кент, қала) атаулары.
Жинақталған атаулар – 135, бар атаудың 10% пайызын құрайды.
Алыбай, Аққайнар, Ақмарал, Алтынбел , Аршаты , Байкөбек, Балғын,
Бүркіт, Белқарағай, Дарынбай, Дәрімбет, Ебей Қия, Егізтөбе, Егінді,
Жамбыл, Жаңатал, Жұлдыз, Көкбастау , Көктерек, Қабырға, Қараш,
Құлажорға, Майемер, Мұқыр, Өрел, Сарғалдақ, Сәкі, Таңба, Үштөбе,
Шатын, Шәңгіштай т.б., ауыл атаулары кездеседі.
Некроним – бейіт, мола, күмбез атаулары. Жинақталған атаулар
– 19, бар атаудың 2% пайызын құрайды. Қазақ «өлі риза болмай, тірі
байымайды» деген ұстанымды жадында берік сақтағандықтан да болар,
арауақтарға деген құрметі ерекше. Жалпы бейіт, мола, күмбез атаулары
сол жерге қойылған адам есімімен тікелей байланысты.
Бейітті кезең, Бұзау басауы, Бөртек, Бозтал, Дәулет бейіті , Екі
ғашық зираты, Кәлім зираты, Жаңғыз бейіт , Жіке, Жәрімбет бейіті,
Көкінің зираты, Қабылда, Қаржау, Қазанғап бидің зираты, Қошқар
зираты, Мошанбейіт, Мұңайтпас зираты, Сарғалдақ бейіті, Түйіскен
т.б., бейіт , зират атаулары кездеседі.
Дромоним – жол атаулары. Жинақталған атаулар – 12, бар атаудың
1% пайызын құрайды.
Айланба, Белдеу, Қытай жолы, Маңдайша, Оралма, Өгізсыймас,
Скотоимпорт, Тар, Токтарский перевал, Тік жол, Ұзынжол, Үкі
шақырған, т.б., жол атаулары кездеседі.
36
Дримоним – орман атаулары . Жинақталған атаулар – 10 , бар атаудың
1% пайызын құрайды.
Алтай, Көрқарағай , Қатынқарағай, Күрті , Терісайрық, Қарашоқы,
Қайшы, Шыңғыстай т.б., орман атаулары кездеседі.
Катонқарағай ауданы топонимиясында түске байланысты
географиялық атаулар аз емес. Жалпы қара, ақ, қызыл, сары, көк сын
есімдері жиі кездеседі. Мысалы: ақ –Ақ діңгек, Ақ қаба, Ақ қия, Ақбұлақ,
Ақтас, Ақбаян, Ақбет, Ақбота, Ақдала, Ақжар, т.б.; қара –Қараала,
Қара қаба, Қара қоба, Қараайрық, Қарабұлай, Қаратай, Қаратау,
Қарадала, Қаражар, т.б.; сары –Сарыалқа, Сары алқап, Сарыноқай,
Сарышоқы, Сарыбет, Сарыбұлақ, Сарыатөлген, Сарыкөл, Сарықамыс,
т.б.; көк –Көктерек, Көктал, Көктау, Көктаба, Көксу, Көкшолақ, т.б.;
қоңыр –Қоңырбай, Қоңыржан; қызыл – Қызылкезең, Қызылжұлдыз,
Қызылқайың, Қызылбұлақ, Қызылқия, Қызылқой, Қызылқұм, т.б.
Жинақталған атаулар – 218, бар атаудың 13% құрайды.
Катон – Қарағай ауданы топонимдеріндегі санға қатысты жер-су
атауларының көрсеткіші
37
Жер-су атаулары құрамының сандық қатысына байланысты
қалыптасқан тілдік бірліктердегі сандар, көбінесе, 3, 5, 7, 40, жүз
және мың т.б. цифрлар болып келеді. Сан есімнің қатысуымен
жасалған атаулар мағынасы мен мазмұны жағынан әрқилы, олардың
басым көпшілігі сандардың қазақи ұғымдағы киелілігі мен қасиетіне
де байланысты. Сандардың барлығының өзіндік ерекшелігі, берер
мағынасы бар. Сандарға қатысты қойылған жер-су атаулары да аз
емес. Қатар орналасқан табиғи нысандарды атау үшін «қос» сөзі
қолданылады да «екі» деген сандық мағынаны білдіреді. Мысалы,
Қостерек, Қоскеліншек, Қосмола, Қосқұдық, Қостөбе, Қосшоқы
және т.б.
Бір санымен байланысты атаулар: Жалғыз, Жалғызбет жайлауы,
Жалғызкүңгей, Жалғызқарағай, Жалғызтөбе
Екі санымен байланысты атаулар: Екіаша, Екіғашық зираты
Үш санымен байланысты атаулар: Үшбөртек, Үшкейкең, Үшсала ,
Үштеректі, Үшашық, Үшауызүй
38
Төрт санымен: Төртүй, Төртбие, Төртүй, Төртінші ауыл
Бес санына қатысты жер-су атаулары: Бес саусақ , Бес үй, Бес үй,
Бесеу
Алты атауына қатысты Алтыорыс , Алтысиыр топонимдері бар.
Қырық, жүз және мың сөздерінен құралған топонимдер аталған
географиялық нысанның нақты санын көрсетпейді, «көп» мағынасында
қолданылады. Мысалы, Қырыққұдық, Қырықошақ, Мыңшұңқыр
Катонқарағай ауданының жер-су атаулары
Ғылыми және көркем әдебиеттерде орын алуы
Достарыңызбен бөлісу: |