Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет21/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   305
«Айғай» 
аталса керек. М.: Кісінің атына байланысты қойылған деген. Екіге 
бөлінеді: Үлкенайғай және Кішіайғай [124].
АЙҒАЙҚАБАҚ – ж.а., Өрел а.о. Аталған жерде су ағып, мұз қатып 
қалатын биік қабаққа келген кезде өгіз бен аттар арбаны тарта алмай 
қиналғанда, мал айдаушылар малға күш беру үшін айғайға басып, 


49
содан 
«Айғайқабақ» атауы қалыптасқан. Жар мен сайдың не жыраның 
үстіңгі жиегін «қабақ» дейді. М1: Берелден Аршатыға барар жолда. 
Қабаққа су ағып, мұз қатады. Соның әсерінен жүргіншілерге кедергі 
жасайды[100]. М2.: Өгізбен жүк тартқанда айғайлап отырып 
шығарғаннан қалған атау[118].
АЙҒЫР – қыстау, Жамбыл а.о. Қазақ жер-суға ат қоярда көлемі 
үлкен табиғи нысанды айғырға, атанға, өгізге теңеп жататыны белгілі. 
Бұл жерде қыстау жанындағы «Айғыр» атты жота болмаса кезеңнің 
біріне қойылған атауды қыстау иеленген [120].
АЙДАР – жайлау, Өрел а.о. 1-н.: кісі атына байланысты; 2-н.:таудың, 
дөңнің, кезеңнің төбесінде шоқтана өскен ағаш не бұтаның айдарланып 
тұруына қатысты қойылуы мүмкін. М.: Буынғаным беліме кемер белдік, 
Қоңыр салқын Айдардан неге келдік? Сапырған сары қымыз ішпес 
басым, Шөп-шаламды ас қылған елге келдік [8,105 б.].
АЙДАРЛЫ – ауыл, Өрел а.о. Ауылдың аты елді мекенге жақын 
орналасқан таудың төбесінде шоқтана өскен ағаш не бұтаның 
айдарланып тұруына қатысты «Айдарлы» атты таудың атына негізделіп 
алынған. М.: Ескі көздің дерегіне қарағанда, осы ауылдың ежелгі аты 
«Айдарлы» екен. Болса болар, бұл ауылдың Алтай жарықтықтың 
айдарындай тынысты ортада, ырысты жерде тұрғаны рас [8,6 б.].
АЙДАРЛЫҚАРАТАС – ж.а., Өрел а.о. Тастың түсіне қарай және тас 
басындағы шығыңқы тұсына қаратыла қойылған атау. М.: Жартастар 
арасында балқарағай көп өседі [109].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет