Катон-Верстка-01. indd


ШАБАНБАЙ – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопним. М.: Қалмақ  батырының аты [105]. М1.: Шабанбайдай



Pdf көрінісі
бет271/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШАБАНБАЙ – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопним. М.: Қалмақ 
батырының аты [105]. М1.: Шабанбайдай жер қайда? Бұландыдай 
көл қайда, Топты жарып ән салған, Садықандай ер қайда?[9, 3б.]; 
М2.: Гүлге оранып, жырға бөленген бұл Шабанбай – біздің ата - 
бабаларымыздың кір жуып, кіндік кескен киелі жері. Атамыздың да, 
бабамыздың да қан жайлауы мен сар жайлауы, төр жайлауы мен кер 
жайлауы осы өңір болған. Бұл аймақтың болыс билері Бұқтырманың 
арғы бетінен, сонау Шыңғыстайдан осында келген[9,41б.]. М3.: 
Бұқтырма өзенінің оң жағалауынан солтүстікке қарай орналасқан 
жайлауларды жалпы атпен Шабанбай деп атайды. Бұл – антропоним, 
яғни, кісі атынан жасалған атау. 19 ғасырда керей мен найманның 
жайлауға таласқан бір қақтығысында қазақ тапқан керейдің батыры 
Шабанбайдың атымен аталып кеткен [15, 190б.].
ШАБАНБАЙ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопним. М.: 
Бұқтырманың арғы жағында орналасқан тау. Әбдікәрім болыс 
болғанда тұрған жері [154]. М1.: Атажұртым, кең жайлау 
Шабанбайым, Қатынсуды бойлаған тал мен қайың [42,21б.]. М2.: 
Аю қақпанды ол жерден алып, Кемпірқалған шыңына апарып құрдым. 
Өкше ізіне қарағанда, мына аю сол жақтан келген тәрізді. Ана 
қалған біреуі де сол Шабанбай жайлауында, осы жақта ғой деп 
ойлаймын,-деп Жәнгүдей күні бойғы жүрісінің, аңшылық әдісінің 
бәрін де біртіндеп айтып өтті [14,16б.]. М3.: Көккөл мен Шабанбайды 
жаздай кезіп, Алтайдың тағысындай үйден безіп[42,97]М4.: 
Алдыңғы жылы Шабанбай жайлауында шөп шауып жүрдік. Бір 
күні түскі тамаққа отыра берген кезімізде, атқа теңдеген екі 
қоржын газет, журналы бар сенің әкең келді ауылдан [20,266б.]. 
М5.: Алтайдың бұл жақ беті Шабанбай жайлауы деп аталады да, 
солтүстік шығысқа ат басын дәлдеп жүре берсең таулы Алтай 
өлкесі шекарасына түйісесің. Қазақстан дері мен тауы Алтай 
өлкесін Мұзтауы шыңынан бастау алып, ұлғая келе Обқа құятын 
Қатын өзені бөліп жатады. Бұл жақтың мен үшін ала бөтен 
ыстық болатыны, мұқым балалығым, тіпті мектеп бітіргеннен 
кейінгі жастығымның көп-көп айлары мен жылдары осы Шабанбай 
жайлауында өтті. Бірақ, мен күні бүгінге дейін Шұбарағаш, Аюалған, 
Салықсалған, Маралқашқан сықылды бергі жағында болып жүрдім. 
Ал - Төржайлауға - Маралкөл, Талдыбұлақ-Таскүрке, Көгалаайғыр-
Көкжота, Науа-Қатын деген жерлерге аттап басқан емеспін 
[18,149б.]. М6.: Шабанбайда табысалық. Көпір іздемеңдер, оның 


291
аузында атаман бастаған казак-орыстар отыр[9,25б.]. Шабанбай 
бос жатыр. Дидаш пен Шаймерден кешегі ел отырған жайлаудың 
жұртын сипап келе жатыр. Кезінде тамам Қаратайдың өрісі болған 
Шабанбай Совет дәуірінің соңғы жылдарында да мыңғырған мал 
еді [170,456]. М7.: Енді мінеки, Шабанбайдай жер қайда, Бұландыдай 
көл кайда деп бала күнімізде әнге қосқан бал қымыздай байтақ өлке 
жетім жатыр [7,150б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет