292
цаган сөздері – монғол тіліндегі түс атауының дыбыстық өзгеріске
ұшыраған формасы болып табылады. Яғни жердің сыртқы сипатына
байланысты қалыптасқан атау[160].
ШАҒАНДАБА – асу, Катонқарағай а.о. Атау шаған және даба
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Негізінен моңғол тілінен
енген кірме атау. Атаудың бірінші компоненті «шаған» сөзі моңғол
тілінен аударғанда «цагаан – ақ» деген мағына берсе, «даба» сөзі «өткел»
[188,34 б.] мағынасын береді.
М1.: Шағандаба деген кезең, асу бар Бұл
монғолдың ақ ( цаган ), кезең ( дава ) сөздерінен жасалған топоним
[3,75б.].
М2.: Атаудың екі сыңары да моңғол тілінен жасалған: цагаан
«ақ» + даваа «асу, кезең, белес». Сонда Цагаандаваа => Шағандаба
болып қазақ тіліне бейімделген, мағынасы: «Ақкезең» дегенді білдіреді
[15,191б.].
М3.: Атаудың екі сыңары да монғол тілінен жасалған:қагаан
«ақ»+даваа «асу, кезең, белес». Сонда Цагаандаваа=Шабандаба болып
қазақ тіліне бейімделген, мағынасы: “Ақкезең” дегенді білдіреді
[166,179б.]; [163]; [107].
Достарыңызбен бөлісу: