294
ШАҚПАҚТАС – тау, Алтынбел а.о. Атау шақпақ (сын есім) және
тас (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың бірінші
компоненті шақпақ – қатты тау жыныстарынан тұратын төрт қырлы
болып келетін биік жер бедері бөлігі [57,208б.] ретінде сипатталады. Ал
тас – тау жынысының қатты бөлшегі екені белгілі. Яғни таудың шақпақ
тасты болып келуі, атаудың қалыптасуына негіз болып табылады.
М:
Жәрімбет руының жері. Жәрімбет руының адамы Байжан қазіргі
Тұғырық (Тығырық] таулы өлкесін өз балаларына енші қылып бөлмек
болады. Жері құнарлы болғандықтан, басқа руларда осы өлкеге дәм
еткен. Жерді өзара бөлу мақсатында Байжаннан Тұғырық (Тығырық)
тауының Жәрімбет руына тиесілі екенің дәлелдеуді сұрайды. Сол кезде
Байжан үңгірден от жағатын шақпақтасын көрсеткен. Осылайша
Шақпақтас аталып кеткен[137].
ШАҚША – ж.а., Өрел а.о. Этнотопоним. Шақша – сиыр, серке,
ешкілердің мүйіздерінен жасалған, насыбай салатын құты [57, 209б.]
ретінде сипатталатын этноним болып табылады. Жер бедерін шақшаға
ұқсату негізінде қалыптасқан атау.
М: Екі таудың ортасындағы алаңқай.
Құмжолға қарсы бетте[111].
Достарыңызбен бөлісу: