Катон-Верстка-01. indd


ХРУЩЕВА – ж.а., Солдатова а.о. Антропотопним. Орыс тілінен  енген кірме атау. М: Адамның атына байланысты қойылған атау[127]. ЦЕНТРАЛЬНЫЙ



Pdf көрінісі
бет270/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   305
ХРУЩЕВА – ж.а., Солдатова а.о. Антропотопним. Орыс тілінен 
енген кірме атау. М: Адамның атына байланысты қойылған атау[127].
ЦЕНТРАЛЬНЫЙ – қыстау, Новохайрузовка а.о. Орыс тілінен енген 
кірме атау. Қазақ тіліне аударғанда «орталық» деген мағына береді[144].
ЧЕРНОВАЯ - өзен, Аққайнар а.о. Орыс тілінен енген кірме атау. 
Қазақ тіліне аударғанда «қара» деген мағына береді.
 М.: Ауыл ішінен 
ағып жатқан суы қара түсті өзенге берілген атау. «Қарасу немесе 
Қараөзен» мағыналарын береді [15,190б.].
ЧҮРТ/ШҮРТ СУ – өзен, Белқарағай а.о. Чүрт/шүрт сөздері туыстас 
тува тілінде «жұрт» мағынасын беретін сөз ретінде қолданыс тапқан. 
Чүрт суы / жұрт суы деген мағынаны білдірсе керек [78,550б.]. М: 
Адамның атына байланысты қойылған[147].
ШАБАҚАН – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М: Көлшіктен кейін 
тұр[100].
ШАБАЛЫ – ж.а., Катонқарағай ауд. Антропотопоним. М.: Саудагер 
орамалмен ернін іліп сүртіп, аңшыға бұрылды: -Иә, солай... Мен анау 
Шабалыға бара жатыр. Саған жұмыс айтсам деймін [10,85б.].
ШАБАНБАЙ – ж.а., Аққайнар а.о. Антропотопним. М: Бұқтырма 
өзенінің екінші жағы [124]. М1.: «Бұқтырма өзенінің созыла-созыла 
келіп Ертіске құятын арнасының екі жағы егіндік, құнарлы алқап та, 
Шыңғыстай өлкесі – Шыңғыстай болысы аталған. Бұқтырманың екі 
жағындағы Алтайдың әдемі сілемі Шабамбай аталады»[41,61б.]. 
М2.: «Тарбағатай, Шабанбай, Айырылдым елден баға алмай. Елге 
сусын Қаракөл, Аймалаушы едім анамдай»[41,57б.]. М3.: «1923 жылы 
Шабанбай жайлауының Тасшоқы аталар бұлағының бойындағы 
жайлау-жұртта дүниеге келіппіз»[41,364б.]. М4.: «Аттылыға өткел 
бермес Ақбұлақ аспаннан сарқырама болып жауғанда, төбеден түсетін 
Аққаба айран болып жөңкілгенде, Ақсу Шабанбайды қақ жарып 
Бұқтырмаға жер тесіп жеткенде Алтай аққа мелдектеп жатқандай 
көрінеді». [35,63б.]. М5.: Двести лет (начиная от 1667 года ) население 
этой волости пользовалось пастбищами на реке Бухтарме, в летнее 
время уходили в горы Чабанбай. [167,140с.]


290


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет