АЛТЫСИЫР– өзен, Аққайнар а.о. Алты сиыр оқиғасына қатысты
қойылған атау. М.: Көкөзеннен кейінгі өзен [152].
АЛШАҒЫР – тау. Антропотопоним.
АЛШАҒЫР – қыстау. Антропотопоним.
АЛЫБАЙ – ауыл, Новохайрузовка а.о. М.: Кісі атымен аталған ауыл аты [153].
АМАНАТ – өзен, Берел а.о. Сақтау үшін немесе екінші бір адамға
табыс ету үшінберілген затқа қойылатын киелі ұғымдардың бірі. Бұл
жерде ата қонысы, туған жері, су ішкен жері кейінгіге аманат ұғымында
тұр[43,448б.]. М.: Ақылдаса келіп қалмақтарды Қызылқайың, Аманат, Шыбынды арқылы Қарақолға апарып, Ертістен өткізіп, Алтай асырып қуып тастайтын болып келісілді[2,157б.].
АМАНЖАН – асу, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: Хош. Ендігі келгеніңде бұл жер – Аманжан асуы аталады[22,225б.].
АМАНКЕЛДІ – колхоз, Белқарағай а.о. Антропотопоним. М.1.: Әлгі сөз қамшы болды ма 5-6 мамыр шамасында тартып отырып Таңба ауылындағы үйге жеттім. Қайта келген соң комсомол билетімді қайтадан алдым. Содан кейін мені Топқайыңдағы «Аманкелді» колхозына есепші ғып жіберді [3,85б.]. М.2: Бір кездегі Мая атамыздың қыстауы мен тебіні бүгінде Аманкелді дейтін бір колхоздың малын асырап отыр. Бірақ Маяға біткен байлық колхозға қонбапты[170,209б.].
М.3.: Сені мына Аманкелді атындағы колхозға зоотехник етіп жібергелі отырмыз[169,137б
.]
АМАНКӨПІР – көпір, Жамбыл а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. [120].
АМАНҚОРА – ж.а., Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау.
М.: Мал баққан адамның атына байланысты қойылған атау [118].
АҢСАҒАН ҚҰЛАҒАН – құз, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: «Аңсаған деген кісі таутеке қуып жүріп құлап кеткен» деген әңгімемен байланыстырған. Бала кезімізде Аңсаған деген кісі күзде құлап, қыс бойы төсек тартып жатқан болатын [100]. М.: Мынау биікті «Аңсаған құлаған» атайды, - деді. – Осыдан көп жыл бұрын Аңсаған деген аршатылық атақты аңшы қыста аң қарап жүріпті. Содан аяғына киген тақасы оқыс мұзда тайып, биік құздан ұшып кетеді. Ақыры қар еріп, жер ашылған кезде осы арадан тауып алыпты[5,24б.].
АРА – ж.а., Өрел а.о. Ара ұстауға қолайлы немесе екі аралық, ортасы
мағынасында аталған атау. М.: Кезінде ара омартасын ұстағаннан қалған атау [118]. М.:Екі таудың ортасы[154].
67
АРАСАН – е.м. Бүгінгі таңда Рахман қайнары деген ресми аты бар,
суы шипалы демалыс орны. Атаудың негізінде санскрит тіліндегі раашан
“қасиетті су” деген сөзі жатыр. Монғ. аршан, қазақша арасан түрінде
келіп, шипалы суы бар жерлерге қойылады. Ертеректе жергілікті халық