Катон-Верстка-01. indd


Арқат – Дәулет-Бәйгісінің ортаншы ұлы»[35,127б.]. АРТЕМКА -



Pdf көрінісі
бет43/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   305
Арқат Дәулет-Бәйгісінің ортаншы ұлы»[35,127б.].
АРТЕМКА - ж.а., Қатонқарағай а.о. Антропотопоним[148].
АРШАЛЫ – ауыл, Алтынбел а.о. Аршаға бай өлкеге қойылған атау. 
М.: Аршалы ауылымен қазақтың жері тұйықталады. Одан ары бөтен 
ел, бөтен жұрт[18,7 б.].
АРШАЛЫКЕЗЕҢ – жайлауАлтынбел а.о. Арша көп өсетін кезең 
[121].
АРШАТЫ – ауыл, Өрел а.о. Аршалы арғы шат мағынасында болуы 
мүмкін. М.1: 1929 жылы ауылшаруашылық артелі құрылды. 1931 


69
жылы колхозға ауысты, ол «Күншығыс» деп аталды. Колхоздың ең 
алғашқы председателі - Умутов Уранхай. 1957 жылы колхоз совхозға 
ауыстырылды, Алтай совхозы деп аталды. 1959 жылы біздің совхоз 
Алтайдан бөлініп шықты, Ұрыл (Урыльский) деп аталды[68]. М.2: 
Арша көп болған. Соған байланысты қойылған[140]. М.3.: Аршаты, 
Берел, Жамбыл, Өрелімді Білмеймін енді қашан көрерімді[42,75б.]. М.4.: 
Жамбыл, Аршаты, Сартақтай, Тихой жайлаулары рухани сусынын бір 
қандырды [25,104б.]. М.5.: Үкектің жолына қар түскелі бір жұмадай 
болып қалыпты. Және «Аршаты», «Орыл» колхоздарының мергендері 
қаптамай тұрған соны кезінде барамын, - деп Жәндүгей Келгембай 
үйіне келгенде, Көксеген де оқуынан келгені сол еді[14,36б.]. М.6.: 
Қазіргі Қос Ағаш ауданына қарасты Жазотыр ауылы мен өзіміздің 
Аршаты ауылын Шыңғыстай болыстығының бірінші әкімшілік ауылы 
деп белгіледі[89]. М.7: Мен осы Катонқарағай ауданында туып, өссем 
де, талай жерін жаяу-жалпылы араласам да, Аршаты ауылына ат 
басын тіремеппін[3,138б.]. М.8.: Осы Аршаты – қазақ жерінің қиыр 
шығысындағы ең шеткі елді мекен саналады. Одан арғысы Моңғол 
жері, терістігі Қытай, түстігінде Ресей. Аршатыдан ары қырық 
шақырым қиырда Шындығатай шекара заставасы орналасқан. Ол да 
Қазақстан аумағындағы соңғы застава[5,8б.]. М.9.: Ақсу, Аршаты
Топқайың, Катон, Шорнауа, Өрелдің небір аяулы азаматтары еді-ау, 
боздақтар жазықсыздан оққа ұшты. Адамзат тарихында мұндай 
сұмдық болды ма екен?...[170]. М.10.: Қазіргі Қос Ағаш ауданына 
қарасты Жазотыр ауылы мен өзіміздің Аршаты ауылын Шыңғыстай 
болыстығының бірінші әкімшілік ауылы деп белгіледі[89]. М.11.: Жалпы 
Дәулетханның тегі бұл Мұқырдан емес сияқты, етектегі анау Аршаты 
жақта туған көрінеді[8,194 б.]. М.12: Мұқырда орыс деген ағайын әуел 
бастан болмаған секілді. Орыстың болмағаны кемшілік пе, жоқ әлде 
кеңшілік пе, ол жағына да мұқырлықтар бас қатырған емес. Бірақ 
көрші Аршаты мен Өрелде, қала берді анау Катонқарағайда орыс 
ағайын өріп жүр ғой [8,108 б.]. 
АРЫАҚҚАН – жайлау, Ақсу а.о. Жайлауда теріс ағып жатқан өзен 
болғандықтан, жайлау сол өзен атауымен аталып кеткен. М.: Бұлақ 
қасында жайлау да солай аталады [93].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет