Катон-Верстка-01. indd


Алтай тауының сілемдері жалғасады[71,9б.]. М.12: Ардағым Алтай



Pdf көрінісі
бет37/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Алтай тауының сілемдері жалғасады[71,9б.]. М.12: Ардағым Алтай, 
даламның асқан төрі екен, Таудың да тарлан таланттысы екен, сері 
екен, Тау емес, мынау кілең бір алтын баспалдақ, Алланың өзі аспаннан 
түскер жері екен[7,25б.]. М.13: Алтайдың қарасуығы әлі түсе қойған 
жоқ еді. Алтайдың қызық шақтары болады. Сыпыра тауды жиектей 
батысқа жылыстар күн сәулесі қызусыз болса да, сүйек балқытар 
қуаты бар – өз-өзіңнен маужырап, өң мен түстің арасында есеңгіреп 
жүресің[20,7б.]. М.14: Алтайдың самаладай тізілген зеңгір шыңдары 
қызыл орамал байланып қырға шыққан қыз-келіншектер сияқты екен, 
солардың дін ортасындағы етегін қылқанды орман, белуарын тау 
терекпен қымтанған Саралқа биігі қызыл мыспен қақталған жалпақ 
кісені шарт буынып жүгініп отырған ақ бас шалға ұқсайды[168,32б.]. 
М.15: Мен еститінмін, Алтай тауы жермен жасты екен, бұдан мың 
жыл бұрын әбден қартайып барып, қайта жасарған екен, еңсесін 
қайта көтерген екен, содан бермен Шолпан туа сыбызғының үніндей 
сыңсыған өксікті үн шығарады, ол қайта жасарғанына өкінгені екен, 
ол үнді еститін – тек қана өмірде өз кіндігінен бала көрмеген әке мен 
ана, солар ғана – осы бір таңғажайып өкінішті дыбыстың куәгері, ал 
олар естісе де, еш пендеге айтпауға тиіс екен[20,259 б.].
 АЛТЫАЛАШ – ж.а., Жамбыл а.о. Алты (сан есім) және алаш (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау «алты алаш» деген 
тұрақты тіркес негізінде қалыптасқан[120].


64
 АЛТЫАЛТАЙ – тау, Жамбыл а.о. Алты (сан есім) және алтай 
(жалқы есім) сөздерінің бірігу арқылы жасалған атау. Мұндағы «алтай» 
ежелден келе жатқан тау атауы, ұлт атауы, өңір атауы және т.б. «Алтай» 
атауын зерттеушілер әртүрлі топшылайды. Мәселен, «алтын тау», «ала 
тау» және т.б. Алайда бұл атаудың тау атауын беретіні анық. Мұндағы 
алты саны Алтай тауының бірнеше бөліктен тұратындығын сипаттап 
тұр[120].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет