Катон-Верстка-01. indd


Мұқыр, Қарагем, Хамир, Белдеу, Бас қарауыл, Ортақарауыл, Аяқ



Pdf көрінісі
бет6/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Мұқыр, Қарагем, Хамир, Белдеу, Бас қарауыл, Ортақарауыл, Аяқ 
қарауыл, Аршаты, Тараты, Ноқай залың, Сары нохай, Шағандаба, 
Қайшы сияқты жер-су атауларының семантикалық қабаттарына 
Қ.Назырбаев ағамыздың құрастырған «Топонимиялық атаулар 
жайында // Алтайдың алтын алқасы» атты жинағында түсіндірмелер 
берілген[1]. Осы атаулардың шығу төркіні көп жайтты аңғартады. Бұл 
атауларда тарихтың ізі жатыр. Осы атаулардың алтайлық, көне түркiлiк, 
қыпшақтық қабатын анықтау мақсатында қосымша мәлімет іздеу, оны 
толықтырудың да тарихи -танымдық тұрғыдан берері көп. 
Экспедиция барысында барынша көмектесіп, қолдау көрсеткен 
Катонқарағай ауданының әкімі Қалиқан Ділдар Қалиқанұлына, біртуар 


9
ел-азаматтары Бидахмет Қожахметұлы, Сарқытбек Мәмиұлы, ардагерлер 
кеңесінің төрағасы Сиезхан Даулетханұлы, Бауыржан Файзоллаұлы, 
Болатхан Ақатайұлы, Еркін Амиұлы, Ернұр Берікбосынұлы, Данияр 
Болатұлы, Тельман Әбдірахманұлына үлкен алғыс айтамыз! Жамбыл 
ауылдық округіне қатысты және карталарда берілген көптеген атауларды 
компьютерге түсіріп, кеңес берген Маслихат жетекшісі Бралинов 
Дүйсен Зағыпыранұлына, жүзден аса сөзді теріп тасқа басқан Бейімбет 
Болаев пен Өрел ауылының тұрғыны тарих пәнінің мұғалімі Роллан 
Ахметов мырзаларға алғысымыз шексіз! Осы өңірде туып өскен, ел 
ішінің әңгімесіне қанық, жер жағдайын жете білетін көзі қарақты, 
көкірегі ояу азаматтарға: Катон ауылының тұрғындары: Көкенов Т.Ә., 
Ж. Қызыр, Миябаев С.Ә., Тоқтағанов Б.Н., Қабырға ауылының тұрғыны 
Т. Мерғазин, Жаңаүлгі ауылының тумасы Қ. Нұрқанов, Шыңғыстайлық 
А. Нұқсарин, Еңбек ауылының тумасы Сахариянов Т.Ж., Аршаты 
ауылының тұрғыны М. Омаров мырзаларға ризашылығымызды білдіре 
отырып, ұрпағымен мың жасауына тілектестік білдіреміз!
Шілде айының 7-і күні Үлкеннарында болдық. Үлкеннарын 
ауданының басшылары құрметпен қарсы алды. Кездесу «Халықтар 
достығы» орталығында өтті. 
Кездесуге Бидахмет Қожағметұлы, Сарқытбек Мәмиұлы, ардагерлер 
кеңесінің төрағасы Сиезхан Даулетханұлы, Бауыржан Файзоллаұлы, 
Болатхан Ақатайұлы, Ермак Тоқсанбайұлы, Зоя Мухтаровна, Лязат 
Жумаканқызы сияқты осы өңірдің аға буын өкілдері келді. Бердібек 
Кийсинович, Легчалов Николай Ивановичпен кездесуге бардық. 
Ағаларымыз бізге Үлкеннарынға қарасты ойконим, гидроним, ороним, 
микро-макро-топонимдердің атауларының тарихы бойынша біршама 
мәлімет берді. Кездесуден соң «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» 
Мемлекеттік кәсіпорнының Үлкеннарын ауылындағы филиалында 
болдық. Мұнда біз Катонқарағай ауданының картасымен таныстық. 
Музейде «Қызылізшілердің» еңбектерімен таныстық. Үлкен альбом 
көлемінде сақталған «Қызылізшілердің» қолмен жазып қалдырған 
тарихи ескерткішінің маңыздылығы ерекше. Осы альбом арқылы біраз 
жер-су атауларына қатысты құнды мәлімет алдық. 
Кешкісін ардагерлер кеңесінің төрағасы Сиезхан Даулетханұлы 
ағамыздың үйінде болдық. Ағамыздың білімі терең, көргені көп, айтары 
мол екен. Ол кісінің қолжазбаларымен таныстық. Ол кісінің осы өңірдің 
тарихына қатысты екі томдық еңбегі бар екен. Өкініштісі, әлі жарық 
көрмепті. Тағы бір өкініштісі, ол екі томдық еңбекпен толықтай танысып 
шығуға бізде де уақыт тапшы болды. Бір түнге сұрап алып, танысып 


10
шықтық. Қайтар күнге дейін сұрап алып оқуға, дәтіміз жетпеді. Қанша 
айтқанмен, интеллектуалды еңбек. Қайта айналып Үлкеннарынға соғар-
соқпасымызды білмеген соң, тықылдамадық. Жолсапарда жүрген 
адамның көп шаруасы көпшілікпен бітетініне, жоспарға бағынбай 
қалатын, жоспардан тыс болатын кездер болатынына көзіміз жетті. 
Соны ескердік. Таңертеңгісін Үлкеннарын әкімшілігінің қызметкері 
Бралинов Дүйсен Зағыпранұлымен кездестік. Ол кісінің де жер-су 
атауларын жинақтап жүргенін білдік. Біраз еңбектері мақала көлемінде 
инстраграмм, фейсбук жеке парақшаларында жарияланған. Сол арқылы 
таныс болатынбыз. 
Келесі күні Қатонқарағайда жұмыс тобымыз екіге бөлінді. Бір 
топ Солдатова ауылының Севицкая Наталья Васильевна, Желудков 
Владимир, Тютеньков Николай Григорьевич, Исаханов Қонақбай 
Исаханұлы, Белқарағай ауылының Лепесов Аймухамит, Асқарбек 
Сақалұлы, Мусинов Әскейхан, Қайдаров Самарбек Сайпонович т.б. 
ел азаматтарымен кездесіп, сол кісілердің білген, көрген-түйгенін 
жинақтады. Қалихан Ысқақов ағамыздың туған ауылында болып, 
ағасымен жүздесіп, ол кісінің әңгімесін тыңдап, жазып алып, үлкен 
әсерде келді. Екінші топ Қабырға, Шыңғыстай, Жаңаүлгі ауылдарының 
тұрғындары, жер-су атауларын жетік білетін азаматтары Мейргазин 
Төленді Қалиұлы, Балағазин Мақұлбек, Әкімбаев Нұрлан Сейтенұлы, 
Кітапбаев Тельман Әбдірахманұлы, Нұрханов Қадыр Құмашұлы, 
Амантай Балтабаев, Ағаділ Сүндетбай Кумарович, Миябаев Серікқан 
Әбілмәжінұлы, Көкенов Төлеген, Жәнібек Қызыр, Тоқтағанов Бауыржан 
Нұрқамзаұлымен кездесуде болды. Сол күнгі сапар жер-суларды 
аралаумен жалғасты. Осы орайда Тельман Әбдірахманұлына үлкен 
алғыс айтамыз. Сол кісінің бастамасымен «Ирек асуына» дейінгі барлық 
географиялық нысандарды аралап, өз көзімізбен көруге мүмкіндігіміз 
болды. Географиялық объектілердің түр-түсіне байланысты, түрлі 
сапалық белгісіне байланысты, антропонимдерден құрылған, өсімдік, 
жан-жануарлар атауларына байланысты топонимдер, сондай-ақ, 
салыстыру, теңестіру, оқиға негізінде қойылған бейнелі топонимдерді 
көзбен көруден алатын әсер мүлде басқа. Соның бірі «Ирек асуы». 
Өрел ауылының әкімі Көбешев Еркін Амиұлы өзі бастап ауыл 
маңайындағы жер-су атауларының тарихымен бөлісті. Одан әрі әңгімені 
осы ауыл тұрғындары Назарбек Әбуұлы, ауылдық мектептің қазақ 
тілі мен әдебиет мұғалімі Ахмерова Ергүл Токановна, тарих пәнінің 
мұғалімі Ахметов Роллан Нұрғазыұлы, Месяцев Игорь Леонидович 
өрбітті. Базарбаев Кайрат Мүбәрәкұлы Өрел ауылынан шыға бере 


11
Аршатыға дейінгі көп жер-су атауларының тарихымен таныстырды. 
Аршатыға байланысты, осы өңірге қатысты ақпаратпен барлық 
ақпаратты ұлттық парк инспекторы Омаров Манарбек арқылы, Болай 
Бекжан арқылы таныстық. Сондай-ақ, Майемер ауылының аға буын 
өкілдері Булгунов Мухаметқали Тоқтарбекұлы, Байсапаров Арғынғазы, 
Алтынбел ауылынан Касенов Совет Канапьянович. Оралбаева Бақыт 
Қасымхановна, Үштөбе ауылынан Бейсенов Тоқтамұрат, Бейсенов 
Жұмабек, Алтынбел ауылдық округінің әкімі Мағауянов Ернұр 
Берікбосынұлы, әкімшілік қызметкері Касенов Жасұлан Советович, 
Берел ауылынан Әбенов Оралбек, Бақыт Ахметжанова, Жамбыл 
ауылынан Абраимов Жомартхан Қасенұлы, Кәкімхан Мұқтарбаев, 
Ерлан Абитанов Ошақұлы, Ақсу ауылынан Байбулов Қорған Ергазыұлы, 
Ақсу ауылының әкімі Касенов Данияр Болатович, Ержан Акымгалиев, 
Садуакасова Адина Ержанқызы, Хамит Абдушов, Аугонбаева Аяулым 
Дорбеткановна, Коробиха ауылынан Демесинова Салима Қайдаровна, 
Демесинов Қайрат, Еңбек ауылының тұрғыны Сахарьянов Түгелбай 
Жеңісбекұлымен кездесулер ұйымдастырылып, осы өңірлерге қатысты 
мәліметтерді жинақтадық. Елі мен жерінің тарихын білетін, қадірлейтін, 
айтары бар аға-апаларымызға ерекше алғыс айтамыз! 
Катонқарағай ауданы жер-су атауларының 
1074-і жергілікті ақын-
жазушылардың шығармаларынан алынып, мысалымен қоса сөздікте 
беріліп отырды. Атап айтқанда, Қалиқан Ысқақов (136 сөз), Оралхан 
Бөкеев (265 сөз), Әлібек Асқаров (186 сөз), Дидахмет Әшімхан (10 
сөз), Төлеген Рахымжанов, Шамиль Багаутдинов (16 сөз), Қайырды 
Назырбаев (113 сөз), Бошай аға Кітапбаев (74 сөз), «Жер жаннаты – 
Катонқарағай» өлкетанымдық басылымы (72 сөз), Бердібек Бияров, 
Мырзабек Қабылов (75 сөз), Дүйсен Бралинов (171 сөз), Бейімбет 
Болаев (59 сөз), Р. Федорова (31 сөз), В. Сапожников (3 сөз), Елтай 
Елғон (9 сөз), Зейнолла Самашев (14 сөз), Ә. Малғажыұлы (19 сөз), 
Сапарғали Бегалин (23 сөз) шығармаларынан т.б. деректі әңгімелерден, 
шежірелік еңбектерден, газет-журнал беттерінен және жергілікті 
жер тұрғындарының айтуы бойынша 
1505 атау жазылып алынды. 
Экспедиция барысында ұшы-қиыры жоқ Алтай тауының баурайы мен 
буырқанған Бұқтырма өзенінің жағасында орналасқан ауылдармен, 
сол ауылдардың біраз тұрғындарымен таныстық. Алтай тауының 
баурайында өскен адамдардың да өзіндік табиғи ерекшелігі бар. Алтай 
тауындай өр мінезді, Бұқтырма өзеніндей айбатты. 
Осы іссапар барысында барынша көмектескен, қолдау көрсеткен 
аға-апаларымызға, іні-сіңлілерімізге үлкен алғыс айтамыз!


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет