Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет5/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Қызылқайың, 
Бұлғындысай, Маралды, Мойылды, Таскүрке, Талдыбұлақ т.б.; 


8
антропонимикалық атаулар негізінде: Бөгенбай асуы, Дәулет көңі, 
Мәметек жайлауы, Шоңмұрын қыстағы, Әбдікәрім жайлауы т.б. 
Катонқарағай ауданына қарасты көші-қон атауларын жинастыру 
барысында да кейбір топонимдердің кісі аттарынан ешбір қосымшасыз 
жасалғандығын бағамдауға болады. Бұл тәсілдер арқылы қазақ 
тілінде көбіне микротопонимдер пайда болады. Ал, кісі аттарының 
топонимдерге, топонимдердің кісі аттарына ауысу үдерісі ежелден 
келе жатқан лингвистикалық және тарихи-этнографиялық құбылыс. 
Катонқарағай ауданына қарасты топонимдер ішінде басқа өңірлерде 
кездесе бермейтін «дара», «көң» сөзімен берілген атаулар бар. Дара 
сөзін жергілікті тұрғындар (Кісекин А., Нұқсара А.) «жеке», «дара» 
мағынасымен сәйкестендіреді, яғни табиғи қора, табиғи қоршау әрі 
бұл сөз атауды анықтап тұрған сөз ретінде мағынасын дәл бере алған. 
Мысалы, 
Масабай көңі, Ысқақ көңіКәлім көңі, Шоңмұрын көңі, 
Нияз дарасыТайшы дараШолақ дараМұстафа дарасыТемірбек 
дарасыТүменбай дарасы және т.б. Бұл топтағы атаулар аталған 
өңірдегі жергілікті тұрғындардың өмір тіршілігінен, тарихи-әлеуметтік, 
тарихи-лингвистикалық тұрғыда мол деректер береді. Атап айтқанда
кісі аты арқылы уәжденген географиялық атаулар белгілі бір тайпа, ру, 
ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш жолдары туралы мәлімет алудың 
дереккөзі. Тіл білімінің заңдылықтарына, тілдік жүйеге сай берілген 
атаулар екіұдай немесе екіжақты пікір тудырмай, белгілі бір уәжге 
қаратыла жасалғандығы байқалып тұрады. Мысалы Қаба, Аққаба, 
Қарақаба, Арасанқаба, Айланба, Айыркезең, Ақбұлқақ, Айнабұлақ, 
Айыртас, Арыаққан, Беріаққан, Арқат, Бұрқат, Марқат, Бақат т.б., яғни 
географиялық нысанның өзіне тән белгілерін, ерекшелігін білдіретін 
атаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет