Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет8/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Асабай көңі, Ысқақ көңіКәлім көңі, Шоңмұрын көңі, Нияз дарасы
Тайшы дараШолақ дараМұстафа дарасыТемірбек дарасы
Түменбай дарасы, Қызылкүнгей, Үшбөртек және т.б.
Топонимикалық атаулар өзінің семантикалық мәнін белгілі бір 
жүйеде ғана айшықтай алады. Топонимдерді семантикалық тұрғыдан 
қарастырғандар ол тілдің лексикалық ұқсастықтарына, әр аймақтағы 
географиялық объектілердің аталу принциптерінің ұқсастықтарына 
назар аударып тілдің заңдылығына сүйенудің қажеттігіне мегзейді. 
Сондықтан тіл білімінің заңдылықтарына, тілдік жүйеге сай берілген 
атаулар екіұдай немесе екіжақты пікір тудырмай, белгілі бір уәжге 
қаратыла жасалғандығы байқалып тұрады. Мысалы Қаба, Аққаба, 
Қарақаба, Арасанқаба, Айланба, Айыркезең, Ақбұлқақ, Айнабұлақ, 
Айыртас, Арыаққан, Беріаққан т.б. яғни географиялық нысанның өзіне 
тән белгілерін, ерекшелігін білдіретін атаулар.
Бұл топтағы атаулар аталған өңірдегі жергілікті тұрғындардың өмір 
тіршілігінен, тарихи-әлеуметтік, тарихи-лингвистикалық тұрғыда мол 
деректер береді. Атап айтқанда, кісі аты арқылы уәжденген географиялық 
атаулар белгілі бір тайпа, ру, ұлттың ежелгі қоныс мекендері, көш 
жолдары туралы мәлімет алудың бірден-бір дереккөзі. Көптеген 
елді мекен атаулары картаға түсіру барысында қазақ тілінің жүйесін 
білмегендіктен, атаудың мағынасын түсінбегендіктен, мамандардың 
бірегей ұстанымы болмағандықтан, бұрмаланып жазылып кеткен. 
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының «Географиялық атаулардың 
мемлекеттік каталогі» кітабындағы 15638 нысанның 5212-і топоним 
болса, соның 1026 атауының ежелгі эндоним атаулары орыс тілінде 
жазғанда бұрмаланып кеткен. Мысалы, Жаңа Әулие Матабай – Матобай 
Святой Новый, Жолдыбайдың Сілемдері- Жолдыбаевские Отложки, 
Қоңыржон- Листвяга, Сатек Жырасайы - Сатеков Лог т.б. [4, 48б.]. 
Отаршылдық одан кейінгі кеңестік бұрмалаудың екпінімен жергілікті 
жер тұрғындарымен есептеспей өзгертілген, дыбыстық өзгеріске ұшырап 
қате жазылып кеткен жер-су атауларының тарихи атауларын қайтаруды 


14
кешенді, ұжымдық, жүйелі түрде қолға алып, тізбеге түсірмесе және 
өз картамызды өзіміз жасамасақ, бір ғасыр бұрынғы атаулардың өзінен 
көз жазып қалатындығымыз анық. Әйтсе де себеп-салдардың түп-
төркіні басқада, ономастика мен топонимиканы зерттейтін ғылым мен 
оның қорытындыларын тарихи атауларды қайтарудың құралы ретінде 
пайдалануға лайықты идеологияның жоқтығында.
Әрбір ауылға, ауданға қарасты елді мекендердің атауларын, ең 
бастысы о бастағы тарихи атауларын термелеп шығып, олардың қаншасы 
сақталған, қаншасы өзгертілген және қай кезде, қандай мақсатпен 
өзгертілгендігі туралы мәліметтерді жинастырып, өткен ғасырлардың сан 
қилы оқиғасынан сыр шертетін бағзы атаулардың тізбесін жасай алсақ 
та тарихтың талай қазбасы ашылып, інжу маржандары тарих арқауын 
тарқатуға себепкер де болар ма еді. Атауларды жинақтау барысында, 
көптеген топонимиялық атаулардың негізгі, бастапқы, тым болмаса 
қазақы атауының тұрғындар есінде қалмауы, әрі ондай мысалдарды 
ондап келтіруге болатындығы, кеңес өкіметі кезіндегі идеологияның 
ел есін басқа арнаға бұрып, тарихи есін көмескілендіруге себепші 
болғандығын көруге болатын еді. Бірнеше ғасырлар бұрынғы атаулар, 
көбінесе, хабарламашылар жадында сақталмаған. Ономастика оның 
ішінде топонимика мәселесіне мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлініп, әрбір 
ауданға экспедиция жасақталу қажеттігі кезек күттірмейтін мәселенің 
бірі. Облыстың он төрт ауданына барып, әрбір елді мекеннің атауларын 
жинастырып, ол материалды мұрағат материалдарымен салыстыра қарай 
отырып, негіздеп барып реестр жасалмаса, тарихи жадыға үлкен нұқсан 
келері анық. Мысалы, Аршаты ауылды мекеніне кіре берісте оң қол 
жақта әсем, сұсты, биік бейнесімен ерекше назар аудартатын бүгінде 
«Хрустальная гора» деп аталатын таудың қазақы атауы халық жадынан 
шыққан. Тек Өрел ауылынан жүз жастағы қария ғана ол таудың қазақы 
атын айта алды. Сол сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет