Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет90/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЖАҢАҮЛГІ – ауыл, Қатонқарағай а.о. Жаңадан құрылған, үлгі 
болатын ауыл мағынасын беретін атау. Мұндағы «жаңа» – сын есім. Үлгі 
– өнеге, тәлім мағынасында [57,51б.]. М.1: «Жаңа Қайың», «Маемер», 
«Жаңаүлгі» мен «Қабырға» – Дәрімбет аулы – бір бүйір, Ақ қала 
шыңның жанында» [41,341б.]. М.2: «Ардақты Алтай – даламның 
асқақ төрі екен, Таудың да тарлан, таланттысы екен, сері екен. Тау 
емес, мынау кілең алтын баспалдақ, Алланың өзі аспаннан түсер жері 
екен», – дейді де, тағы да: «Айналдым Жаңа Үлгісі мен Қабырғадан, 
Жақсы ұлды туғыздың жаңылмаған» дегендегі осы қос ауылдың, дос 
ауылдың айтып жеткізуге қиын ер азаматтарының бірі, бірегейі, 


112
«бір өзі жүз кісілік» батыр Нұрқас еді»[41,70б.]. М.3: «Жаңа үлгі» мен 
«Мойылдының» арасы ел көшіп қонатын жер. Аңғарында Бұқтырма 
жатыр [170,34 б.]. М.4: Тоғыз жолдың торабында орналасқан [148].
ЖАҢАТАЛ – ауыл, Үлкеннарын а.о. Жаңадан, жастай егілген 
талдары көп ауыл болғандықтан қойылған атау. «Жаңа» және «тал» 
сөздерінен біріккен атау. М.1. Жаңа (сын есім) + тал – майысқақ 
бұтақты, жіңішке жапырақты ағаш, бұта [55,645б.]. М.:Тарихи 
атау, қазір бұл атау қолданыста жоқ [129].
ЖАҢАТАЛ – ж.а, Өрел а.о. Жаңадан, жастай отырғызылған 
талдардың шоғырланып өскен жері болғандықтан осылай аталған. 
М.: Жас талдардың шоғырланып өскенінен қалған атау [118].
ЖАҢАТАЛ – қыстау, Өрел а.о. Жаңадан отырғызылған жас талдары 
бар жер болғандықтан қойылған атау. «Жаңа» сын есімі мен «тал» 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. М.1. Тал – майысқақ бұтақты, 
жіңішке жапырақты ағаш, бұта [55,645б.]. М.:Бұқтырма өзенінің 
бойында орналасқан қыстақтар [100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет