Жалпақөткел деп аталатын бір айырығына жетелеп апарды, асықпай
суарды, сонсоң жетелеп үйіне алып келіп асықпай ерттеді [24, 301 б.].
ЖАЛПАҚСАЗ – жайлау, Белқарағай а.о. Таулы-сазды жер
болғандықтан осылай атаған. М.1. Саз – су араласып батпаққа айналған топырақ, лай мағынасында қолданылады [54, 534б.]. М.: Оның бір жағы саз, екінші жағы тау [134].
ЖАЛПАҚТАС – ж.а., Жамбыл а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты
жалпақ, тасты жер болғандықтан қойылған атау. М.:Тасты жер мағынасын береді [120].
ЖАМАНАЙ – тау, Белқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау болса керек. М.: Бір күнде Аюлыдан шығып Жындысай, одан өтіп Жаманай арқылы Қотанағашқа жаяу түсіп жүрген Аскеңнің желаяқтығына таң қалды [171, 247 б.].
ЖАМАНБҰЛАҚ – бұлақ, Катонқарағай а.о. Бұлақ суының сапасына
қатысты аталған, яғни суы аз, лайсаң болуы мүмкін. М.: Ауылдан жонға шығу жолы[99].
ЖАМАНБҰЛАҚ – қыстақ, Жанында ағып жатқан бұлақ атын
иеленген. Катонқарағай а.о. М.: Ауылдан жонға шығатын жолда орналасқан [99].
ЖАМАНҒҰЛ – ж.а., Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. М.:Қаражардан аса береді. Бұрынғы кезде қыстау болған[109].
М.: Бұрынғы кездің қыстағы болуы мүмкін. Қарадырдан аса бере [117].
ЖАМАНШАТ – шат, Өрел а.о. Таудың қойнауында терең сай
болғандықтан осылай аталған. Екі сөздің бірігуі арқылы жасалған атау.
Жаман (сын есім) + шат (зат есім ) – таудың қойнауындағы жықпыл-
жықпыл терең сай [57,282 б.]. М.2. Бұл жерді қазақтар Жаманшат деседі екен [5, 135б.].
ЖАМАТЫ - ж.а., Қатонқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. Екіншіден, бұғы жануарына қатысты да атау болуы мүмкін. М.: Бұғы ұстаған адам болғандықтан қойылған атау [148].
ЖАМАТЫ – тау, Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. Екіншіден, бұғы жануарына қатысты да атау болуы мүмкін. М.: Қанайдан кейін тұр [146].
ЖАМАТЫ – шабындық, Катонқарағай а.о. Яматы монғол тілінде
ешкі атауы. Қазақ тілінде, көп жағдайда, я дыбысының орнына ж
дыбысы қолданылады да ешкілі тау, яғни Жаматы аталып кеткен. Тау
ешкі малының өсіп-өнуіне қолайлы тау[126].