Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет86/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЖАЛҒЫЗҚАРАҒАЙ – егістік жер, Катонқарағай а.о. Бір ғана 
қарағай өсіп тұрған жер болғандықтан қойылған атау. Мұндағы 
«Жалғыз» сөзі – бір, жалқы деген мағынада қолданылады. М.1. Қарағай 
– түзу, биік болып өсетін, қысы-жазы көгеріп тұратын қылқан 
жапырақты, шаруашылыққа маңызы зор бағалы ағаш [51, 313б.]. 
М.:Шыңғыстайдан өрелге барар жолының үшінші шақырымының сол 
жағындағы жазықтағы егістік[163];[107].
ЖАЛҒЫЗТАУ – жайлау, Аққайнар а.о. Жалғыз тауы бар жер 
болғандықтан қойылған. М.: Маралкөл бойында орналасқан. Мұсабай 
деген кісі жайлаған [152].
ЖАЛҒЫЗТӨБЕ – ж.а. Катонқарағай а.о. Жердің ерекшелігіне 
байланысты жалғыз ғана төбесі бар жер болғандықтан осылай аталған. 
Мұндағы «төбе» сөзі топырақтан, құм-қиыршық тастан үйіліп қалған, 
дөңгелек, биіктеу, дөң жер мағынасын білдіреді. М.: Колхоз қырманы осы 
жерде болған. Ауыл жақын жерде болса да, адамдарды жібермеген, 
Осы жерде әйелдер мен жас балалар қырман ұшырған [98].
ЖАЛКЕЗЕҢ – асу, Өрел а.о. Жота-адыр түріндегі аласа жер 
болғандықтан қойылған атау. М.1. Жал – ұзына бойы енсіз келген 
көлбеу қырат, жер бедерінің бір түрі, қырқа сілемі, жон-жота, адыр 
[47, 621 б.]. М.2. Кезең – тау жотасындағы екі жағы түйетайлы болып 
келген аласа жер [49, 535 б.]. М.3. Мына асуды Жалкезең деседі. Осы 
Жалкезеңнің жалына шыға бере баласы айналып әкесінің алдына түсіп 
кетсе керек [5,26б.].


109
ЖАЛҚАРАҒАЙ – ж.а., Өрел а.о. Қарағай көп өсетін жер 
болғандықтан осылай аталған. Екінші мағынада, аттың жалына ұқсас 
болып келуіне байланысты да осылай аталған деген пікірлер кездеседі 
М.:. Бесқарағайлықтар мектепті жағалап, дүкенді сағалап, «орталық» 
деп, Шұбарағаш пен Жалқарағайға жарыла көшіп жатқанда, мұның 
бүйрегі де бүлк еткен жоқ [6,41б.]. М.2: Жалқарағайға, ауданға барып, 
аудан басшысынан құрылыс бригадасын сұрап алып жалдар еді[9,32б.]. 
М.3: Үшауызүйден кейін тұр. Қарағай көп өседі[100]. М.4: Ағаштардың 
орналасуына байланысты қойылған атау [118]. 
ЖАЛҚАРАҒАЙ – жайлау, Жамбыл а.о. Аттың жалына ұқсас 
қарағай көп өсетін жер болғандықтан қойылған атау. М.1. – Анау кең 
алқаптың төріндегі топ қарағайды көрдің бе? – деді Ерен Жұмағұлов 
қамшысымен түстікте жалданған жоталарды нұсқап. – «Ережептің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет