Катон-Верстка-01. indd


ЖЕМІС – е.м., Коробиха а.о. Жемісі мол жер болғандықтан  қойылған болса керек. М.1. Барлық пен Жеміске



Pdf көрінісі
бет93/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЖЕМІС – е.м., Коробиха а.о. Жемісі мол жер болғандықтан 
қойылған болса керек. М.1. Барлық пен Жеміске – қазақ-орысы бірыңғай 
қоныстанған ескі елді мекендер [2,262с.].
ЖЕРҮЙ – ж.а., Өрел а.о. Үйдің орналасуына байланысты қойылған 
атау болса керек. М.: Бұрындары Пилорамма деген кісі тұрған. Жер 
үйі болған [119]. 
ЖЕТІОРЫС – ж.а., Жамбыл а.о. Орыс ұлтының өкілдері 
тұрғандықтан осылай аталған. Жеті орыс ұлтының адамы тұрған 
жер болса керек [120].
ЖЕТІ АРАЛ – ж.а., Катонқарағай а.о. Жеті өзен аралығын жергілікті 
халық Жетіарал деп атап кеткен. М.: Арал – жан-жағы сумен қоршалған 
шағын құрлық [43, 582б.];[159].
ЖЕТІҚАБА – өзен, Өрел а.о. Жеті қатар жатқан өзен болғандықтан 
қойылған атау. Бастауын таудан алатын өзенге берілген атау болса керек. 
М.1. Қашқари сөздігінде «Қаба – кез келген бір жердің көтеріңкі тұсы, 
биігі» деген мағына береді [61, 673] М.: Қара Ертіске құйып Қытайға 
өтіп, қайта Қазақстан жеріне келіп ағады [118]. 
ЖЕТІ ҚЫЗДЫҢ ЖАЙЛАУЫ – жайлау, Өрел а.о. Адамның іс-
әрекетіне байланысты қойылған атау болса керек. М.: Кісі атына 
байланысты қалған атау [118]. 


115
ЖЕТІБҰЛАҚ – су аты, Белқарағай а.о. Жеті бұлағы бар орын 
болғандықтан осылай аталған. 
ЖЕТІКҮПӘНӘ – жайлау, Жамбыл а.о. Жеті (сан есім) және күпәнә 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Мұндағы «күпәнә» 
сөзі аймақтық лексикада шөп үйіндісі, шөмеле мағынасын береді. Яғни 
жердің сыртқы сипатына байланысты қалыптасқан атау [120].
ЖИРЕНАТ – шабындық, Ақсу а.о. Шабындық піскен уақытта 
қызғылт сары түсте болып жататындықтан қолданылған атау болса 
керек. М.1. Жирен – қызғылт сары (көбінесе жылқы түсіне байланысты 
айталады). [48,452б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет