Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет107/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 [49, 627 б.]. М.: Лашыққа ұқсас 
болғандықтан қойылған атау [143].
КЕРЕГЕТАС – жайлау, Аққайнар а.о. Кереге сияқты тас тұрған 
жер. М.: Кереге сияқты тас тұрған [152].
КЕРЕГЕТАС – жайлау, Белқарағай а.о. Кереге сияқты тасы бар 
жайлау атауы [135].
КЕРЕЙТАС – жайлау, Белқарағай а.о. Ру атауына байланысты 
қойылған атау [135].
КЕРЖАБАҒЫ – қыстақ, Аққайнар а.о. Жабағы жылқыларды 
бағатын жерді осылай атаған болса керек. М.: Бұрында бұл жерге 


129
биылғы бөлінген құлындарды жаятын. Өте жылы жер. Картоп 
отырғызған [124].
КЕСЕК – сай, Үлкеннарын а.о. Уран рудалары дайындалған жер 
болғандықтан аталған. М.: Бұл жерде уран рудалар дайындаған [129] 
кейін қарағайдың жас өскінін жаппай еккеннен кейін қалған атау [118]. 
КИРИЛЛ ҚЫСТАУЫ – қыстау, Новохайрузовка а.о. Кісі есімімен 
байланысты қойылған қыстақ атауы. М.: Бұл жер Хайрузовкадан 
18 км. жерде орналасқан. 1912 ж. Бұл участок Кирилл Богомоловқа 
берілген. Оның үлкен бал омартасы мен көп малы болған. Өлер 
алдында Кирилл Б. Барлық малы мен балын адамдарға үлестіріп 
берген. Осы жерге колхоз орнағанда бұл жерді Кирилл қыстауы 
деп атап кеткен [68]. 
КИТІҢ – тау, Катонқарағай ауд. Шығыс Қазақстанда кездесетін 
Китің Күйтіңқара, Қитын сияқты оронимдердің бәрі де монғ. хуйтэн 
«суық, салқын, аяз» деген сөзінен шыққан. Биік тауларға, салқын 
жондарға берілетін атау [15, 137 б].
КИІК – тау. Киіктер көп кездесетіндіктен қойылған атау. М.: Бірде 
түн ортасында Киік тауының басына шықтық [5,61б.].
КИІКБАЙ – арал, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау. 
М.: Балапанның жанындағы арал [100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет