Катон-Верстка-01. indd


КӨГІЛДІРТАУ – тау. Ең биік шоқысына дейін шөп өсіп, алыстағы  көз салған адамға көкшіл түсте көрінетіндіктен  Көгілдір



Pdf көрінісі
бет109/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

КӨГІЛДІРТАУ – тау. Ең биік шоқысына дейін шөп өсіп, алыстағы 
көз салған адамға көкшіл түсте көрінетіндіктен 
Көгілдір аталатын тау. 
М.: – Көгілдір таулар көріне ме екен? Әлде бұлт басып тұр ма? – Бүгін 
өте жақсы көрінді. Жарықтық, өркеш-өркеш болып көз ұшында көсіліп 
жатыр, – деді Есберген еңсе көтере түсіп [11, 313б.].
КӨК ЖОТА – жота, Катонқарағай а.о. Жердің ыңғайына орай, 
жотаның алыстан көкшіл тартып көрінуіне байланысты қойылған 
атау[163];[107].
КӨКҚАБАҚ – ж.а., Өрел а.о. Жердің ыңғайына байланысты 
қойылған атау. Екінші мағынасында «көк» сын есім болса, «қабақ» зат 
есімімен тіркесіп алыстан көкшіл түс беріп тұруына қатысты қойылған 
атау. М.: Қабақ – жар мен сайдың не жыраның үстіңгі жиегіне жақын 
жері [50, 670б.]. 
КӨКАЛААЙҒЫР – жер аты, Аққайнар а.о. Көкала айғыр 
оқиғасына қатысты қойылған атау болуы мүмкін. М.1: Көкалаайғыр, 
Мәметек, Сартепсеңім, Көз тоймайды көркіңе көрген сайын [42, 21 
б.]. М.2: Алыста, тай бауырындағы шоқ балқарағай түбінде, бұлақ 
жағасында қымызды ауыл ағарады. Желі басында үйездеп бір топ 
құлынды бие тұр. Бұл әйгілі Көгалаайғыр жайлауы еді [6,35б.]. М.3: 
Бұл жердің ауырған кісіні жазатын қасиеті және бар. Саған өтірік, 
маған шын, баяғыда Ақбала деген тоқсандағы кемпір қатты аурып, 
әл үстінде жатқанда балалары сонау Көкала- айғырдан осында 
әкеліпті зузамен. Құдайдың құдыреті, осында әкеліп, Науаның суының 
жұтқызғанда көзі шырадай жаныпты [18, 163 б.]. М.4: Әлдеқашан 
сүйегіне қына шығып кеткен әкемнің жайлаудағы жұртын көрсетемін 
деп тәтемнің жетелеп келе жатқан түрі мынау. Көкалаайғырға 


131
жетіп бір қондық: бұл жерде бір жұма отыратынбыз деді [170, 56 
б.]. М.5: - Міне, былтырғы қызыл моншаның орны - бүгін сиырдың 
көңі. Қазан-ошақ тастары быт-шыт. Сонау Көкалайғырдан өңгеріп 
әкеліп, осы тастардың үстіне өрген шөп машинасының доңғалағы 
да төртке бөлініп жатыр[11,225б.]. М.6: Байырман деген бай болған. 
Сол адам көкала айғырлар ұстайды екен. Сол үйірімен көшкенде сол 
жерге барып отырған. Бір күні үйірі келмей қалады, шығып қараса 
үйірі толқып, сол көкала айғыр теңселіп тұрады. Денесі қан, ары 
қараса аю жатыр. Сол аюдан өз үйірін қорғаймын деп жараланған. 
Сол себептен Көкала айғыр атанған [152].
КӨКАРАЛ – ж.а., Катонқарағай ауд. Жер ерекшелігіне қатысты, 
яғни аталған жердегі көктің (қазақ «көк» деп өсімдік дүниесін айтады) 
құнарлылығына, қасиетіне қатысты қойылған атау. М.1: Әндетіп келе 
жатса да, көзі өрістің отында. Ат тұяғы тиген жер теңбіл-теңбіл 
аршылып, көкпеңбек шөп бұрқырап шыға келеді. Қойға тебін деп, 
міне, осы жерді айт. Итмұрын, тобылғының түбі де ұйысқан қияқ 
пен бидайық – мал тұмсығын тығып жіберсе тебінсіз-ақ аузы отқа 
ілігеді. Әсіресе, қыста, жарықтық, бұл Көкарал деген жердің құты 
ғой, құты [11, 46 б.]. М.2: Маяның түбінен созалаңдай тұрып, жирен 
қасқасына маңғаз мінді де, балапан қайыңдардың арасымен Көкаралды 
жиектеп жүріп кетті [11,46б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет