Катон-Верстка-01. indd


[Диалектологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б. 372  б.]



Pdf көрінісі
бет117/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 [Диалектологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б. 372 
б.]
 М.: Ыстық болған соң, қауын-қарбызға салған [132].
КҮЙГЕН – сай, Өрел а.о. Өрт шалған жерге қойылған атау. М.: 
Кезінде өртенген жер, сол себепті күйген деп атап кеткен [154].
КҮЙГЕН ҚОРАНЫҢ ӨЗЕНІ – өзен, Өрел а.о. Күйген қора қыстауы 
маңынан өзеннің ағып өтуіне байланысты қойылған атау. М.: Күйген 
– жану, өртену
 [50, 435б.]. М.: Күйген Қора қыстауынан ағып өтеді 
[100].
КҮЙГЕНҚОРА – қыстау, Өрел а.о. Қыстауда күйген қора 
кездесетіндіктен қойылған атау. М.: Кезінде қора өртеніп, Күйген Қора 
деп аталған [100].
КҮЙГЕНТЕРІС – ж.а., Өрел а.о. Терістік жердің өртенуіне 
байланысты қойылған атау. Біріккен атау. М.: Кезінде терістіктің 
жері өртенген [119]. 
КҮЙГЕНТЕРІС – жайлау. Теріс деп қазақ солтүстік жақты, қалың 
жынысты, ну орманды жерді атайды. Бұл жерде теріскейдегі өртке 
шалынған бетті айтуы мүмкін[149].
 
КҮЛЕН - күздік, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: Шалғайлау, 
шабындық жер. Көкжотаға, Жаманбұлаққа асу[99].
КҮЛМЕС – жайлау, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау [118]. 
КҮЛМЕС – өзен, Белқарағай а.о. Жергілікті тұрғындардың айтуына 
қарағанда, өзен қанды өзен қатарына жататын болғандықтан, қапыда 
қалмас үшін, ескерту ретінде қойылған атау делінеді. М.1: «...Күлмес 
өзенінің бойындағы үйезге әкеледі де, біраз тынықпақ болады» [35,86б.]. 
М.2: Әне, мұқым Топқайың ауылы (ертеректе Қуқарағай аталған) қара 
домалақтарының көк талды ат қып мініп, бозбалалыққа дайындалар 
алаңы іспеттес Бүркіт суының, Күлмес өзенінің аңғары; әне, жеті 
жасар Қалихан мен Айдарханның («Қоңыр күз еді») құбылаға бет бұрып, 
қанды қасапқа аттанып бара жатқан әке-ағаларын ботадай боздай 
қуалай барып топырақ қауып, зар еңіреп қалатын Қырғи мойнағы... 
[40,105 б.]. М.3: Мұз астында тып-тыныш қыстап шыққан Күлмес 


139
өзені әр жерінен үзік-үзік тесіле бастаған екен, жар жағасындағы 
жалғыз көшенің біркелкі ағаш үйлерң бңр түннің ішінде шатыры 
мыжырайып ескіріп қалыпты [171, 128 б.]. М.4: Ауыл Күлмес өзенінің 
арғы бетінде көрініп-ақ тұр, бірақ қайтуға рұқсат жоқ [ 170,66 б.]. 
М.5: Елдің етегін көмкеріп ағатын Күлмес деген өзен бар. Қанды су 
болған соң атын Күлмес қойыпты [170,94б.]. М.6: Бір баланың аты 
өзеннің ар жағына өтіп кеткен. Содан атына барған кезде, аты бері 
қарай өтіп кеткен. Бала өзеннен қайың үстімен өтемін деп, аяғы 
тайып құлайды, аяғы қыстырылып қалады. Сол қайың қопарылып, 
баланың үстіне құлайды. Бала қайтыс болады. Тағы бір мағынасы, 
ағыны қатты болғанда жаяу адамды тұрмақ, аттыдарды өткізбеген. 
Сол себепті Күлмес аталған [134].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет