135
және моңғол топожүйелеріндегі дыбыстық тұрғыдан ұқсас келетін,
берер мағынасы бір-бірінен тым алшақ кетпейтін моңғ.
дов // қаз.
төбе,
моңғ.
бэл // қаз.
бел тәрізді географиялық термин-метафораларды түркі-
моңғол тілдері фонында қарастырып, олардың берер мағыналарына,
сонымен қатар қазақ және моңғол топонимияларының әрқайсысындағы
атаужасам процесіне қатысу дәрежелеріне назар аударсақ, оларда азды-
көпті айырмашылықтар бар екендігін байқаймыз. Мәселен, түркі
тілдерінде: түркм.
bil, хак.
pil, шор.
pel, як.
bejl, қырғ.
bel, чув.
pilek,
ұйғ.
väl, қаз.
bel дыбыстық варианттардағы
бел лексемасы «жалды
қырат», «таулар тізбегі», «көлбеу қырат», «тау баурайы», «белес»,
«қырдағы қайқаң жер», «шүйгін шөпті тау қапталы», «таудың аласа
бөлігі», «аласалау келген жота» мағыналарын береді [74,79б.], әрі
топонимдер құрамында жиі кездеседі. Ал моңғол тілінде жергілікті
географиялық термин ретінде актив қолданыстағы моңғ.
бэл «таудың
аласа бөлігі» орографиялық терминінің орнына топоним құрамында
моңғ.
даваа «бел, асу, белес» географиялық термині жүреді. Мысалы:
Хөхдаваа - «көкбел», Өндөрдаваа «биік асу», Өнчиндаваа «жетім
мойнақ», Даваат – «асулы, мойнақты жота» т.б. [81,58б.].
М.: Бұрынғы
жол. Осы асумен асып келген [100].
Достарыңызбен бөлісу: