Катон-Верстка-01. indd


КҮШІК – ж.а., Белқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылуы  мүмкін. М.: Белқарағай ауылдық округінің шекарасы [147].  КҮШІК –



Pdf көрінісі
бет121/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   305
КҮШІК – ж.а., Белқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылуы 
мүмкін. М.: Белқарағай ауылдық округінің шекарасы [147]. 
КҮШІК – жайлау, Солдатова а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау [128].
КҮШІК БҰЛАҒЫ – бұлақ, Белқарағай а.о. Басты нысан Күшік 
атауы бұлаққа атау да болып қалыптасқан[147]. 
КҮШІК САЙ – сай, Үлкеннарын а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау болуы мүмкін. М.: Ел жайлауға көшкенде күшік туды 
деп, сол себепті солай атаған. Қытай деректерінде Найманның Күшлік 
деген батыры Шыңғыс ханмен соғысқан. Мерген Шыңғыс ханның 
аяғын жаралап артқа шегінген. Ал Күшлік қашып Жетісуға барған. 
Сол жақта ханның қызын алып, сол жерде күшік күйеу бала болған. 
Одан кейін ханның тағын тартып алып, таққа отырған [140].
КІРПІШ – ж.а., Жамбыл а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты 
қойылған атау[120].
КІШКЕНЕ ҚАРААЙРЫҚ – жайлау, Аққайнар а.о. Негізгі судан 
бөлініп кішігірім айырық болған сулар терең болмағандықтан, судың 
беті қарауытып жатады. Сондықтан қара сөзі мен кіші сөзі атауға уәж 
болған. М.: Сол жерде кішкентай бұлақтар, айрықтар қосылады [124].
КІШКЕНЕШАҚАБАЙ – тау, Өрел а.о. Шақабай атты адам 
иелігіндегі жер Үлкеншақабайға қарағанда аумағы аздау болғасын 
қойылған атау. М.: Шақабай деген батыр кісі есімімен байланысты. 
Жайлауға көшкенде 20 күндей осы жерде аялдаған адам [100].
КІШКЕНЕДАЛА - қыстау. Катонқарағай а.о. Жайылымдық 
жері аз болғандықтан аталған. М.:Қой түлігін алуға ыңғайлы 
тебіндік жайылым. Жазық жері шағын [99].
КІШІСАРТҰҒЫРЫҚ – жайлау, Катонқарағай а.о. Бұл атау түркілік 
ұғымда күннің шығатын жері мағынасын береді. Сары түс күн сәулесін 
елестетеді[126].
КІШІДАЛА – ж.а., Катонқарағай а.о. Таулы жер болғандықтан, 
жазық жер аз болатыны белгілі, сондықтан кіші сөзі атауға уәж болған. 
М.:Көкаттан сайынан кейін тұр [132].
КІШІҚОҢҚАЙ – асу, Белқарағай а.о. Үлкенқоңқай асуына қарағанда 
шағындау болғасын қойылған атау. М.: Егер осы Кішіқоңқай асуында, 
жалғыз үй мен отырмасам, баяғыда үсіп өлмес пе едіңдер [24,143 б.].
КІШІНАРЫН – ауыл, Салоновка а.о. Үлкеннарын ауылына 
қарағанда шағындау елді мекенге берілген атау. М.1: Кішінарын – 
жаңадан құрылған Большенарым ауданының аумағында 1945 жылғы 


143
22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің болыстығы[35,25б.]. М.2: 
Кішінарын - Нарынға келіп құятын басты өзен [76, 66 б.]. М.:Нарын 
өзенінің атымен аталады [153]. 
КІШІТАСШОҚЫ – жайлау, Катонқарағай а.о. Үлкентасшоқыға 
қарағанда кішілеу және қатарласа келген нысандарға қойылады. Жердің 
ерекшелігіне байланысты қойылған атау[146].
КІШІТАУТЕКЕЛІ – қабырға жақтағы Таутекелі. Үлкен Таутекеліге 
қарағанда аумағы шағын келген тау. Таутекелердің көп жүретін жеріне 
қатысты қойылған атау[146].
КІШІТЕКШЕ – Малина сайының жанында орналасқан үстірт 
жер. Текше деп жергілікті тұрғындар тау, жота үстіндегі жазық жерді 
айтады. Кішітекше жанындағы Үлкентекшеге қарағанда аумағы шағын 
текше[100].
КІШІАЙҒАЙ - тау, Аққайнар а.о. Қазақы танымда қатар келген 
нысандарды сұлбасына үлкен, кіші деп айырым белгісін қойып атау 
қалыптасқан үрдіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет