Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет115/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

КӨКТЕРЕК – бұлақ, Қатонқарағай а.о. Бұлақ бойында көк 
теректердің жиі кездесуіне байланысты қойылған атау. М.1: Күркіреме, 
Көктерек, Біз барғанша аман бол! Көруге тәңірі жазбаса, Көңілде 
кетер арман сол! [41, 57б.]. М.2: Шыңғыстайда үш бұлақ бар. Соның 
тағы бірі – Көктерек [114];[ Әкімбаев Нұрлан Сейтенұлы, 1942 ж., 
зейнеткер, Шыңғыстау ауылынан]. 
КӨКТЕРЕК – ж.а., Өрел а.о. Көк теректердің жиі кездесуіне 
байланысты қойылған атау. М.1: Енді алты шақырым жердегі 
Жұлдыз алыс болған да, он бес шақырымдағы Көктерек жақын 
бопты. Интернатты сол селодан ашамыз дейді [11,273б.]. М.2: 
Онда да сиырды өріске айдағанда немесе биелерін тұсап, шідерлеп 
жіберерде, Көктректегі көк тастың үстіне отырып алып, бір-бірінен 
насыбай атысып, ептеп желпініскенде ғана айтатын: аю тегі халал 
хайуан. Жылқы секілді кірпияз, жоқтан өзгені салпылдатып жей 
бермейді[18,136б.]. М.3: Мағзұм тауының етегі. Шабақанның Көктерегі 
емес. Бұл жерде де терек өте көп өседі [100]. М.4: Шабақаннан кейін 
тұр. Терек көп өседі [100]. 
КӨКТЕРЕК – шабындық, Өрел а.о. Шабындық жерде терек 
ағаштардың көгеріп өсіп көрініп тұруына байланысты қойылған 
атау. М.: ағаштардың орналасуына байланысты қойылған атау 
[118].


137
КӨКШОЛАҚ – қыстау. Қой түлігін алуға ыңғайлы 
тебіндік жайылымы ауқымды, жері үлкен
 [99].
КӨКШОЛАҚ – ж.а., Катонқарағай а.о. Жайылымдық шөптің, жердің 
құнарлылығына байланысты қойылған атау. М.: Үшкейкі кезеңінен 
жоғары тұр [132].
КӨКІНІҢ ЗИРАТЫ – бейіт. Кісі атына байланысты қойылған. 
Көкі – кісі аты [163]; [107].
КӨЛДЕНЕҢ – ж.а., Катонқарағай а.о. Жердің орналасу ыңғайына 
байланысты қойылған атау. М.: Үшбұлақтан кейін орналасқан [132]. 
КӨЛДЕНЕҢ – жайлау, бұлақ, Солдатова а.о. Жайлаудағы бұлақ 
суының көлденең ағысына байланысты қойылған атау. М.: Көлденең 
су ары қарай Күршімге [Маралиха] ағады [129].
КӨЛДЕНЕҢ БҰЛАҚ – бұлақ, Қатонқарағай а.о. Бұлақ суының 
көлденең ағысына байланысты қойылған атау. М.: Таутекенің суы 90 
градусқа бұрылып келіп құйылады[133].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет