ҚАБДЕН ҚҰЛАҒАН – тау, Алтынбел а.о. Қабден деген кісінің
мертігуіне байланысты қойылған атау. М.: Таудың үсті, өте тік жер Қабен деген тракторист сол жерден құраған [138].
ҚАБДОЛ – жайлау, Жамбыл а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау [120].
ҚАБЫЛ – қыстау, Үлкеннарын а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. М: Қабыл ақсақалдың құрметіне қойылған. Қабыл – Бураның ішінде Боғайдан тарайтын адам [153].
ҚАБЫЛБЕК КӨШКІГЕ КЕТКЕН – ж.а., Өрел а.о. Көшкі жүріп
кеткен кезде, қапыда көшкі астында қалған адамға қатысты қойылған
атау. М.:Еңбек ауылының тұрғыны Қабылбек қыста көшіп кетемін деп Сайтан көпірінен құлап, екі аяғынан айырылған. Қазір сол жерді Қабылбек көшкіге кеткен деп атайды[154].
ҚАБЫЛДА – бейіт, Үлкеннарын а.о. Кісі атына байланысты
қойылған атау
[136].
ҚАБЫРҒА – бұлақ, Катонқарағай ауд. Бұлақ тауды қабырғалап,
жағалып ағатындықтан берілген атау. М.2. Бұлақ тауды қабырғалап, жағалып ағатындықтан берілген атау [166, 141 б.]
ҚАБЫРҒА – ауыл, Қатонқарағай а.о. Тау қапталында қабырғалай
орналасқан ауылға қойылған атау. М.1:. «Ардақты Алтай – даламның асқақ төрі екен, Таудың да тарлан, таланттысы екен, сері екен. Тау емес, мынау кілең алтын баспалдақ, Алланың өзі аспаннан түсер жері екен», – дейді де, тағы да: «Айналдым Жаңа Үлгісі мен Қабырғадан, Жақсы ұлды туғыздың жаңылмаған» дегендегі осы қос ауылдың, дос ауылдың айтып жеткізуге қиын ер азаматтарының бірі, бірегейі, «бір өзі жүз кісілік» батыр Нұрқас еді» [41, 70б.]. М.2: «Жаңа Қайың», «Маемер», «Жаңа Үлгі» мен «Қабырға» – Дәрімбет аулы – бір бүйір, Ақ қала шыңның жанында» [41,341б.]. М.3: «Катонқарағай өңірінде тұмса табиғаттың тал бесігінде тербеліп, жасыл желекке оранған Қабырға атты ауыл бар» [35,112б.]. М.4: 1928 жылы Серіктік деп
145
аталған. 1930 жылдан бастап Қабырға колхозы болады. 1950 жылы Қабырға, Жаңа үлгі, Шыңғыстай Молотов совхозы болған. 1957 жылы Алтай совхозы деп аталған [Хабарламашы: Тойғанбаев Сіләм 88 жаста, Қабырға ауылы]. М.5: Бір жұманың ішінде
Қабырға деген
ауылдан Мүгілсін жеңгемізді алып келдік [25,66б.]. М.6: Жанұямыз «Сарыөлең» жайлауынан алғашында Катон селосына, онда бір-екі жыл тұрғаннан кейін отыз үш, отыз төртінші жылдары селодан бес-алты шақырымдай жер – «Қабырға» ауылына қоныс аударады. Ауылдың аты да адамның қабырғасына байланысты қойылса керек. Бас-аяғы иілген доғаға ұқсас [71,8б.]. М.7: Қазіргі Қабырға ауылында Илья Гусевтің тері зауыты болған, онда сиыр мен жылқының терілері өңделіп, етік тігілген [35,23 б. ]. [145]; [156].
ҚАЗАҚСТАН – колхоз, тарихи атау, Үлкеннарын а.о. Жалпы, тарихи
атау. М: Суықшатты кейін келе Қазақстан колхозы деп те атаған [153].