140
КҮРЕҢӨГІЗ – өзен, Өрел а.о. Қазақы ұғымда күрең өгіз тіркесі
көп қолданылмайды. Бұл жердегі өгіз сөзі көне түркілік қабаттағы
су мағынасын беруі мүмкін. Ал, «өгүз» сөзі көне түркі тілінде өзен
мағынасында қолданылғаны белгілі. Мәселен, Білге қаған ескерткішінің
шығыс жағы 15 жолы мен Күлтегін ескерткішінің шығыс жағы 17 жолда
Қытайдың Хуан Гоу өзенін Y(a)ş(ı)l ögüz – Жасыл өгүз – Жасыл өзен деп
береді. Сондай-ақ, Білге қаған ескерткішінің шығыс жағы 27 жолы мен
Күлтегін ескерткішінің шығыс жағы 37 жолда қазіргі Ертіс өзенін (E)
rt(i)ş ögüz – Ертіс өгүз – Ертіс өзені деп атайды. Көріп отырғанымыздай,
өзен сөзінің көне түркі заманында географиялық термин ретінде өгүз
деп аталуы кездеседі. Бұнымен бірге Атақты кумандар сөздігі Кодекс
куманикуста да, өгүз – өзен деген аударма беріледі[61,85 б.]. Күрең
болуы өсімдіктердің түсіне болмаса топырақ құрамындағы қызыл қоңыр
түс беретін затқа қатысты қойылуы мүмкін.
М.:Қазанша да орналасқан
[100].
Достарыңызбен бөлісу: