163
бойында орналасқан. Көбі ойлаған халық таудан түскен кезде қара
лақ қалып қойған деп. Бірақ олай емес. Қарлұқ мемлекеті болған, олар
Мұзтаудан түскен[140].
ҚАРЛЫҒАШ – бұлақ, Катонқарағай а.о. Антропогидроним,
жергілікті тұрғындардың айтуынша, кісі есіміне байланысты қойылған
бұлақ атауы.
М.: Шоңмұрыннан шыққан Қарлығаш есімді қызбен
байланыстырады. Ақбұлаққа келіп құятын бұлақ [163]; [ 107].
ҚАРЛЫҒАШ – жайлау, Белқарағай а.о. Антропотопоним [135].
ҚАРСЫ – асу, Катонқарағай а.о. Қарсы бетте орналасуына
байланысты қойылған атау[159].
ҚАРШЫҒА САЙ – сай, Өрел а.о. Жергілікті халықтың айтуы
бойынша, бұл жерге қаршығалар ұя салғандықтан аталған.
М.: Сай
ішінде қаршыға көп, сондықтан Қаршыға сай аталып кеткен [109].
ҚАСИЕТТІ ҚАЙНАР – ж.а. Катонқарағай ауд. Судың қайнап шығып
жатқан жері, бастау [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. 9-том.
Қ-М., - 45 б. – Алматы: Тіл білімі институты, 2011 жыл. – 744 б],
М.:
Сен оны дереу Қасиетті қайнарға жеткізіп сал [11,170б.].
ҚАСҚАБАС – ж.а. Өрел а.о. Жердің географиялық ерекшелігіне
сай қойылған топонимдік атау.
М1.: Дөңгелек асуынан кейін орналасқан
[119].
М2.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау[118].
Достарыңызбен бөлісу: