Катон-Верстка-01. indd


ҚАРЛАҚ – ж.а. Үлкеннарын а.о. 1-н.: Жергілікті халық Қарлұқ  мемлекетімен байланыстырады. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы



Pdf көрінісі
бет142/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАРЛАҚ – ж.а. Үлкеннарын а.о. 1-н.: Жергілікті халық Қарлұқ 
мемлекетімен байланыстырады. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы.
 л и н г. 
Құрамына ұйғыр, өзбек тілдері кіретін түркі тілдерінің бір тобы[51, 
744 б.]. 2-н.: «Қарлақ» қарлы жер деген мағына беруі мүмкін. Т. Жанұзақ 
«Қарнақ» атауының шығу төркінін анықтап, бірнеше нұсқасын береді, 
бір нұсқасында Л.Каримованың еңбегіне сүйене отырып «қарлы жер» 
деген болжам айтады: «Қарнақ топонимі қар және -нақ (ноқ) – лақ 
// -лоқ, -ла +қ, лиқ, ли+қ элементтерінің қосылуынан пайда болып, 
«қарлы жер» деген мағынаны білдіреді» - деп түсіндіреді [33,334 б.]. 3. 
Қорған, бекініс, тау, тас деген мағыналар беруі де ықтимал. «Қарлақ» 
атауының бірінші компоненті қар сөзі төмендегідей мағыналар 
берген: «Түркі тіліне тән көне булгар тілінде кар «қала», «қорған», 
«бекініс» деп аталған. Үнді-еуропа тілдерінде karr «тас», ауғанша 
кар «тау», «жартас», доуган тілінде гар «тас»»[33,334б.]. М.: «Қарлақ» 
атауының екінші компонентіндегі лақ қосымша. Бұқтырманның 


163
бойында орналасқан. Көбі ойлаған халық таудан түскен кезде қара 
лақ қалып қойған деп. Бірақ олай емес. Қарлұқ мемлекеті болған, олар 
Мұзтаудан түскен[140]. 
ҚАРЛЫҒАШ – бұлақ, Катонқарағай а.о. Антропогидроним, 
жергілікті тұрғындардың айтуынша, кісі есіміне байланысты қойылған 
бұлақ атауы. М.: Шоңмұрыннан шыққан Қарлығаш есімді қызбен 
байланыстырады. Ақбұлаққа келіп құятын бұлақ [163]; [ 107].
ҚАРЛЫҒАШ – жайлау, Белқарағай а.о. Антропотопоним [135].
ҚАРСЫ – асу, Катонқарағай а.о. Қарсы бетте орналасуына 
байланысты қойылған атау[159].
ҚАРШЫҒА САЙ – сай, Өрел а.о. Жергілікті халықтың айтуы 
бойынша, бұл жерге қаршығалар ұя салғандықтан аталған. М.: Сай 
ішінде қаршыға көп, сондықтан Қаршыға сай аталып кеткен [109].
ҚАСИЕТТІ ҚАЙНАР – ж.а. Катонқарағай ауд. Судың қайнап шығып 
жатқан жері, бастау [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. 9-том. 
Қ-М., - 45 б. – Алматы: Тіл білімі институты, 2011 жыл. – 744 б], М.: 
Сен оны дереу Қасиетті қайнарға жеткізіп сал [11,170б.]. 
ҚАСҚАБАС – ж.а. Өрел а.о. Жердің географиялық ерекшелігіне 
сай қойылған топонимдік атау. М1.: Дөңгелек асуынан кейін орналасқан 
[119]. М2.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау[118]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет