160
өзіне, балалары Дүсіп, Назарбай, Ниязбайларға арнап қыстай салып,
Қобда маңындағы Керейлерді басқаруға кіріседі» [41,152б.].
ҚАРАТАС – тау, Солдатова а.о. Тастың көлеміне орай қойылған атау.
«Атаудың бірінші сыңарындағы
қара сөзі біріккен тұлғалы топонимдер
қатарында тұрғанда үнемі «үлкен», «зор», «ірі» мағыналарын білдіреді»
[33].
М.: Үлкен қара тас тұрғандықтан солай атаған[195].
ҚАРАТАУ – тау, Белқарағай а.о. анықтауыштық мәндегі топонимдік
атау. «Қаратау оронимі таңылған таулар (олар біршама мол кездеседі)
туралы Э.М.Мурзаев былай дейді: «Бұл атаудағы қара сөзі түспен
байланысты, өйткені қаратауларда өзге таулардағыдай жаз бойы қар
жатпайды». Автордың пікірі дұрыс, дегенмен қыста да қар тоқтамайтын
тасты, тақыр тауларды Қаратау деп атау қалыптасқан. Ақ қарлы қыста
қаратаулар қарауытып, ерекше білініп тұрады» [16,143 б.]; [147].
ҚАРАТҰМСЫҚ – тау, Катонқарағай ауд., ороним атауы таудың
пішіні мен көлеміне байланысты қойылған. Бұл жерде тұмсық тәріздес
мүйіс болғасын қойылған атау. Тұмсық
Достарыңызбен бөлісу: