Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет140/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 з а т. 2. г е о г. Тау етегінің, 
жонының айнала берісіндегі мүйіс немесе сүйірлемеген жағы, иіні 
[56, 744 б]. М.:
 - Арызы бар, қалқам, - деді атасы. - Соңғы кезде ажал 
торып жүргенін сезді ме: «Өлсем - анау Қаратұмсықтың басындағы 
ескі зиратқа жерлеңдер», - деп еді. Ата-бабамыздың сүйегі сонда 
ғой[11,304б.].
ҚАРАТҮЙЕ – ж.а. Өрел а.о. Зоотопоним. Көшпелі ел мәдениетінен, 
ұлттық кәсіптен хабар беретін топонимдік атау.
 Үлкен, аумақты, көлемді 
жерге салыстырмалы түрде берілген немесе түйе оқиғасына қатысты 
аталған атау болуы мүмкін[118].
ҚАРАУЫЛ – ж.а. Катонқарағай а.о. Жергілікті тұрғындардың 
айтуынша, топонимдік атауға сол жердің «қарауылдық қызмет» орны 
болғандығы уәж болған. М.: Оралмадан жоғары орналасқан. Кезінде 
ауыл болған. Кезінде қауіп жағдайында от жағып, белгі беріп отырған 
[98].
ҚАРАШ – ауыл, Алтынбел а.о. Ғалым Б.Бияровтың зерттеулерінде, 
«Қараш» сөзінің қырғыз тілінде үлкен лауазым аты екендігі айтылады. 
Қырғыздар алдымен биік таудың басын қараш деп атап, одан соң 
лауазымға көшірген деп жорамалдайды [16, 460 б.]. М.: Жетейдің тұрған 
жерлері[113].
ҚАРАШАҒЫЛ – қия, Өрел а.о. 1. Таудың, төбенің т. б. тік құлама 
беті [51,744 б.] Х.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау [118]. 
М.: - Мынау жалама қияны Қарашағыл дейді. Бойына қар тұрмайтын 


161
тік, өзі күнгей бет. Малшылар қойларды осы бетке ала қыстай 
тебіндетеді, малдары күйлі шығады. Өздері қой қайыруға шыққанда 
аяқтарына тақа киеді. Мұндай жалама бетте ат жүре алмайды 
[7,123б.]. 
ҚАРАШАҒЫЛ – тау, Өрел а.о. Шағыл деп таудың, төбенің т. б. 
тік құлама бетін айтады[51,744 б.]. Қар тұрмайтын беткей қара түсті 
иеленген. М.: Шахтыдан кейін тұр [119]. М.: - Мынау жалама қияны 
Қарашағыл дейді. Бойына қар тұрмайтын тік, өзі күнгей бет. 
Малшылар қойларды осы бетке ала қыстай тебіндетеді, малдары 
күйлі шығады. Өздері қой қайыруға шыққанда аяқтарына тақа киеді. 
Мұндай жалама бетте ат жүре алмайды [7,123б.].
ҚАРАШОҚЫ – тау, Жамбыл а.о. Анықтауыш + ГТ (географиялық 
термин моделі бойынша жасалған топонимдік атау. Ландшафтың 
тұрпатына, ерекшелігіне қарай қойылған атау. Жер бедерін, көрік-
кескінін білдіретін анықтауыш сөзбен бірігіп, нақтылы географиялық 
атауға ие болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет