Катон-Верстка-01. indd


ҚАШАЛЫ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Қорасы бар, қоршалған жерді  білдіріп тұрған мағына. М.: Жылқы ұстаған жер[136]. ҚАШАУ



Pdf көрінісі
бет146/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАШАЛЫ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Қорасы бар, қоршалған жерді 
білдіріп тұрған мағына. М.: Жылқы ұстаған жер[136].
ҚАШАУ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Жергілікті халық Қашау деген 
жұрт бар десе, кісі атынан жасалған топоним болар. М.: Қашау деген 
жұрт бар[153].
ҚАШҚЫН – сай, Катонқарағай а.о. Тұрғындардың айтуынша, 
болған оқиғаға негізделіп, туындаған топонимдік атау. М.: Ертеректе 
бір кісі жеті жыл қашып жүрген дейді[157].
ҚАШҚЫН – сай, Үлкеннарын а.о.. Тарихи оқиға негізінде туындаған 
топонимдік атау. М: Сұлушоқының батыс жағында Қашқын деген сай 
бар. 20-шы жылдары қызылдарға қарсы соғыста ақтардың тығылған 
жері, кеңестің құрығынан тығылған адамдар үшін қолайлы жер 
болған[150].
ҚАШҚЫН АУЫЗҮЙІ – қора, Катонқарағай а.о. Қашқын сайы 
басты нысан, сай ішіндегі қашқынның уақытша салынған баспанасы 
атауға уәж болған. [163]; [107].


167
ҚАШҚЫНБАЙ САЙЫ – өзен, Өрел а.о.. Тарихи оқиғалармен 
байланысты туындаған топонимдік атау болу керек [154].
ҚИСАНБЫ СЫРТЫ – ж.а. Өрел а.о. Кісі есіміне байланысты 
берілген атау, Қисанбы дөңі, төбесі, жайлауы деген мағынада. «Көне 
түркі тіл. sirt «биіктік», өзб. сирт «сырт», «жал», «жоғары», әзерб. сырт 
«жал», «бір нәрсенің жоғары жағы», «тегіс жазықтық», қаз. сырт «ішкі», 
«сыртқы», «арқа», қырғ. «сыртқы жақ», «алыс, қашық жер» (ауыспалы 
мағынада – «биік тау үсті, биік таудағы кең жер»); хакас. сыр «төбе», 
«жота», «тік, қия бет», «тау жалы»; түрікм. сырт «жота, төбе», «дөң»; 
түрік. sirt «арқа, жон», «тау жалы»; моңғ. сэр «арқа тұс», «омыртқа», 
ауыспалы мағынада «төбе», «дөң» екенін Э.Мурзаев еңбегінен анық 
көреміз [73,535б.]. Демек, сырт атауының тілімізді «дөң», «төбе», «қыр» 
деген нақты мағынаға ие екенін көреміз[33,371б.]. М.: Екі төбенің 
артқы жағы жазық, сол жазықтың бір жағында Байкісі сыртында 
отырған, ал бір жағында Қисанбы деген кісі өте бай адам болған 
екен. Қисанбының Сартқожа деген ұлы болған. Шабанбайды жаз 
бойы жайлаған, осы жердің артқы жағында жазық болған. Сол жігіт 
атты санау үшін тау артындағы жазыққа жылқыларын айдаған, сол 
мұқым жазық толса, жылқылары түгел болған. Санай алмағандықтан 
жылқыларын солай түгендеген[154].
ҚИЫНЖЫРА – сай, Қатонқарағай а.о. Географиялық нысанның 
өзіне тән ерекшелігін білдіретін топоним. М.1: Жыра іші терең сай, 
ағаштар бойлап өсіп кеткен, бұталы, тасты жер.Мал сонда кіріп 
кетсе, оңайлық пен таба алмайсыз. Қиынжыра бұрылысынан өткенде 
көптеген көлік оқыс оқиғаға да ұшырап жататын. Қазіргі жолы 
жақсы[190]. М.2: Ол сайдан өту өте қиын болған [148].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет