Катон-Верстка-01. indd


ҚОҚАБАЙ – жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним, кісі есіміне  қатысты берілген атау. М.1: Жайлаған адам атына қойған[ 155



Pdf көрінісі
бет148/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   305
ҚОҚАБАЙ – жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним, кісі есіміне 
қатысты берілген атау. М.1: Жайлаған адам атына қойған[
155]. М.2: 
Терістік қапталын қара орман көмкеріп, жауар бұлттай түнерген бұл 
тарғыл тауды жиырмасыншы жылдары Қоқабай деген айдарынан 
жел ескен мықты бір кісі жайлапты [9, 96 б.].
ҚОҚЫБАС –жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним[152].
ҚОЛАТ – ж.а. Алтынбел а.о. Жердің географиялық ерекшелігіне 
қатысты қойылған атау. Қолат деп тау беткейлеріндегі сай-сай 
жыралардың арасында жатқан ұзынша келген, дөңестеу кең, аңғарды 
айтамыз[33,215 б.]; [121].
ҚОҢЖАЙ – ж.а. Өрел а.о. Малға жайлы жер. Қоң сөзі «малдың 
сауыры, сауыр еті» [65,323б.]мағынасынан «малдың күйі, семіздігі» 
семасына ауысқан. Өйткені малдың семіздігін қоң етіне қарап бағалауға 
болады. Топонимжасамда «табиғи нысанның сауыр тұсын белгілеуі 
немесе құнарлы, қоңды жерді атап көрсетуі» мүмкін [16,274 б.
 ]. М.: 
Аршатыға барар жолда [100].
ҚОҢҚАЙ – қыстақ, Үлкеннарын а.о. Ғалымдар пікіріне сүйенсек, 
жеке тұрған қыстақ деген мағынаны білдіретін топонимдік атау. 
«Атаудың алғашқы сыңары моңғол. гон «салт бас, жалғыз бас» 
мағыналы сөзінен де, екінші сыңары Ә.Қайдардың айтуынша түркі-


169
моңғолға ортақ көне жұрнақ -қай/-кей (М.: теріс-кей, күн-гей, оң-қай 
т.б.) [38;118]. Сонда Гонхай>Қоңқай «жеке тұрған, оқшау» деген мағына 
береді. Катонқарағай ауданында кездесетін Қоңқай, Балақоңқай, 
ҮлкенқоңқайҚоңқайбаз тауларының бәрі де жалпы тау жүйесінен 
бөлініп қалған, жеке тұрған таулар болып табылады» [16,106 б.]. М.1: 
Қоңқай деген жер бар. Ол жерде мал сойылып отырған[153]. туған. 
Ұлттық парк қызметкері]. М.: Большенaрым селосынан 15 шақырымдай 
жерде Қоңқай баз деген жер бар. Оның жанында Қоңқай тауы мен өзені 
(бұл Күлмес өзеніне құяды, ол Бұқтырмаға құяды ) жатыр. Оны кейбір 
құжаттар Қоңқай баш деп көрсетеді. Бұл топонимдегі екінші компонент 
баш түрік тілінің элементі болуы мүмкін), ал Қоңкай сөзi монгол 
тіліндегі гон – бір, жалғыз мәнінде), хай ауыл мәнінде сөздер болуы 
ықтимал. Сонымен қорыта келгенде, Қоңқай бір, жалғыз ауыл, иен 
жатқан жеке ел деген мағынада алынады ма деп ойлауға болады. Бұл 
географиялық термин - тау мен өзен аты. Осы өзен бойында немесе тау 
бөктерінде бір ғана ауыл отыруы да мүмкін. Бұл сөздің этимологиясы 
туралы Н. И. Баяндин былай дейді : «По народным преданиям название 
горы Конхай связаны с именем легендарного калмыцкого богатыря 
Конкай , выдержавшего натиск казахов. Наконец он был взят в плен 
казахским батырами, а гору стали назвать его именем в знак упорства 
героя» [3,76б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет