167
ҚАШҚЫНБАЙ САЙЫ – өзен, Өрел а.о.. Тарихи оқиғалармен
байланысты туындаған топонимдік атау болу керек [154].
ҚИСАНБЫ СЫРТЫ – ж.а. Өрел а.о. Кісі есіміне байланысты
берілген атау, Қисанбы дөңі, төбесі, жайлауы деген мағынада. «
Көне
түркі тіл. sirt «биіктік»,
өзб. сирт «сырт», «жал», «жоғары»,
әзерб. сырт
«жал», «бір нәрсенің жоғары жағы», «тегіс жазықтық»,
қаз. сырт «ішкі»,
«сыртқы», «арқа»,
қырғ. «сыртқы жақ», «алыс, қашық жер» (ауыспалы
мағынада – «биік тау үсті, биік таудағы кең жер»);
хакас. сыр «төбе»,
«жота», «тік, қия бет», «тау жалы»;
түрікм. сырт «жота, төбе», «дөң»;
түрік. sirt «арқа, жон», «тау жалы»;
моңғ. сэр «арқа тұс», «омыртқа»,
ауыспалы мағынада «төбе», «дөң» екенін Э.Мурзаев еңбегінен анық
көреміз [73,535б.]. Демек,
сырт атауының тілімізді «дөң», «төбе», «қыр»
деген нақты мағынаға ие екенін көреміз[33,371б.].
М.: Екі төбенің
артқы жағы жазық, сол жазықтың бір жағында Байкісі сыртында
отырған, ал бір жағында Қисанбы деген кісі өте бай адам болған
екен. Қисанбының Сартқожа деген ұлы болған. Шабанбайды жаз
бойы жайлаған, осы жердің артқы жағында жазық болған. Сол жігіт
атты санау үшін тау артындағы жазыққа жылқыларын айдаған, сол
мұқым жазық толса, жылқылары түгел болған. Санай алмағандықтан
жылқыларын солай түгендеген[154].
ҚИЫНЖЫРА – сай, Қатонқарағай а.о. Географиялық нысанның
өзіне тән ерекшелігін білдіретін топоним.
М.1: Жыра іші терең сай,
ағаштар бойлап өсіп кеткен, бұталы, тасты жер.Мал сонда кіріп
кетсе, оңайлық пен таба алмайсыз. Қиынжыра бұрылысынан өткенде
көптеген көлік оқыс оқиғаға да ұшырап жататын. Қазіргі жолы
жақсы[190].
М.2: Ол сайдан өту өте қиын болған [148].
Достарыңызбен бөлісу: