Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет149/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   305
ҚОҢҚАЙ – тау, Белқарағай а.о. Жеке тұрған тау мағынасын беретін 
оронимдік атау. Атаудың алғашқы сыңары моңғол. гон «салт бас, жалғыз 
бас» мағыналы сөзінен де, екінші сыңары Ә.Қайдардың айтуынша 
түркі-моңғолға ортақ көне жұрнақ -қай/-кей (М.: теріс-кей, күн-гей, 
оң-қай т.б.) [38;118]. Сонда Гонхай>Қоңқай «жеке тұрған, оқшау» 
деген мағына береді. Катонқарағай ауданында кездесетін Қоңқай, 
Бала Қоңқай, Үлкен ҚоңқайҚоңқайбаз тауларының бәрі де жалпы 
тау жүйесінен бөлініп қалған, жеке тұрған таулар болып табылады 
[16,106б.]. Х.: Сыртқы келбетіне байланысты қойылған. Сыртқы келбеті 
басқа таулардан қарағанда қонқайып тұрады[134]. М1.: Алдымыздан 
қар басқан тау кездеседі. Ол – Қоңқай тауы екен... [22,222б.]. М2.: 
Ол өзінің кіндік қаны тамған, ата-анадан жастай айырылып, ерте 
үзілген балалық бал дәуренінің ізі қалған туған топырағы Топқайыңда, 
Қоңқай тауының баурайында мәңгіге тыныстап жатыр [40,3б.]. 
М3.: Шығысы Қоңқайға, оңтүстігі Алты қыз таушасына тірелетін 
далашықтың әп-әдемі төскейіне соқаның түрені тиіп, біраз жылдан 
бері сұлы егіп келе жатқан[23,20б.].


170
ҚОҢЫРБАЙ – жайлау, Алтынбел а.о.. Антропотопоним. М.: 
Жебетей жұртының. Алтай тауының бөлігі[113].
ҚОҢЫРБАЙ – тау, Алтынбел а.о. Антропотопоним. М.: Адам 
атымен қойған атау[138].
ҚОҢЫРЖОН – тау, Ақсу а.о. «Қоңыр» сын есімі + Жон зат есім 
(географиялық термин) үлгісімен жасалған топоним. Бұл атауда 
Қоңыр сапалық сын есімі тура мағынадан гөрі, ауыспалы мағынада 
қолданылған. Жап-жасыл шалғын түске боянған тау осыны аңғартады. 
Қазақ халқының танымында қоңыр түсі табиғат құбылыстарының 
кейбір қалпын көрсетеді: қоңыр салқын, қоңыр жел. «Қоңыр самал 
жел» деген тәрізді «қоңыр салқын ауасы» бар жота деген мағынаға 
жуық, яғни малға жайлы жота мағынасын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет