ҚОСТӨБЕБҰЛАҚ – бұлақ,Жамбыл а.о. Қос (сан-мөлшер мәнді
сөз) + төбе (зат есім) + бұлақ (зат есім) сөздерінің бірігіп тіркесуі арқылы
жасалған күрделі топонимдік атау [120].
ҚОСШЫҒҰЛ – қыстау, Аққайнар а.о.. Антропотопоним. М.: Кісі аты. Бұл үлкен атаның балалары болған бұл кісілер. Руы- Сарғалдақ [96].
ҚОТАНАҒАШ – ж.а. Белқарағай а.о. Қой қотаны орнындай аумақта
дөңгелене өскен ағаштарға қатысты қойылған атау. М.: Бір күнде Аюлыдан шығып Жындысай, одан өтіп Жаманай арқылы Қотанағашқа жаяу түсіп жүрген Аскеңнің желаяқтығына таң қалды [171,247б.].
[103].
ҚОТЫРҚАЛА – ж.а.. «Қотыр» зат есімі + зат есім. Қотыр сөзінің
тура мағынасы «адам мен хайуанның терісіне шығатын жұқпалы
қышыма ауру» болса, ауыспалы мәнде «тегіс емес, бұжыр табиғи
нысандарды» атауға қатысады. Кейде орыс тілінен енген хутор сөзі
қотыр/күтір тұлғаларында қолданылып келген. ... Қазақ жеріне жалпы
есім ретінде ерте енген қала сөзі (Қырлықала, Сырлықала, Бұзыққала,
Күйікқала, қарақалп. Қойқырылғанқала) қазіргі кезде нақты елді мекен
аттарының құрамында сирек кездеседі. Алғаш отырықшылыққа көшкен
кезде, кез келген көлемдегі елді мекенді қала деп атау қалыптасқан
сыңайлы. Мәселен, орыс қоныс аударушылары салған шағын хуторды
қазақтар Қотырқала, Күтірқала деп атағаны мәлім[16,277б.]. Х.:Таңба
атауымен қатар қолданған атаулардың бірі [154].
ҚОТЫРСАЙ – сай, ж.а. Алтынбел а.о. Сай ішінің кедір-бұдыр
жерлері көп, сырт көзге қожыр-қожыр болып, көзге қораштау
көрінгендіктен қойылған атау[143].
ҚОШАНПАЙӨК – шабындық, Аққайнар а.о. Антропотопоним.
Атаудың қалыптасуы тікелей кісі есімімен, соның ішінде аталған кісінің
әрекетімен байланысты болуы мүмкін [120].
ҚОШҚАР ЗИРАТЫ – бейіт, Өрел а.о.. Этнотопоним.
М.:Қошқаржұртының адамдары жерленуі себепті аталып кеткен болу керек[159].
ҚОШҚАРЖҰРТ – ж.а. Өрел а.о. Кейбір түркі тілдерінде Қошқар
ру аты ретінде де кездеседі. Бұған қарағанда, ру атынан немесе жердің
174
табиғи құбылысы, бедеріне қарай қойылуы мүмкін [33,181б.]. М.: Қошқаржұрты осы жерде тұрғандықтан, Қошқаржұрт аталған[100].