181
да, тәрбиелі қызы Несібелдіге Бектұрған 20-21 асында үйленіп, 60
жылдан аса қадірлі күйеу болып, кішілерге жезде болып еді» [41,142б.].
ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ – ж.а. Үлкен Нарын а.о. Қайыңның бір түрі.
Қайыңның түсін және осы түстес қайынның молдығын білдіретін
топонимдік атау. М:
Ертістің бойындағы шабындық жерлердің бірін
Қызыл қайың деп атаған. Көп елді құнарлы шөбімен аман алып қалған
жер[153].
ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ – жайлау, Алтынбел а.о.
Алтай тауының
бөлігі. Қазақ халқының қайыңды қасиетті ағаш ретінде бағалауы мен
қызылқайыңның осы өңірде көп болуы топонимдік атауға негіз болған
деп есептейміз [138]. М.:
Біздің жаңа қонысымыз аудан орталығын
қамтитын Құйған ауыл кеңесіне қарайтын «Қызыл қайың» қыстағы
[2,22б.].
Достарыңызбен бөлісу: