172
таулар мен тасты шөлдердегі үйіліп жататын тас қ о р ы м д а р осындай
үгілудің нәтижесінде пайда болады [52,111б.]; [163]; [107].
ҚОСНАУА – жайлау, Үлкеннарын а.о. Қатар тұрған біртекті екі
табиғи нысан науаға ұқсас болғасын аталған.
НАУА. з а т.
1. Малдың
су ішіп, тұз, жем жеуіне арналған, ағаштан, темір, бетоннан жасалған
ұзын астау [53,498б.].
М: Осы Сұлушоқының етегінде ата-бабамыздың
ежелгі жұрттары, жайлаулары бар. Жазғытұрым осы Қалес,
Батал, Исабай, Сұлушоқы, Бөденелі, Екіаша, Қоснауа жайлауларына
аталарымыз малдарын айдап әкеліп, бағып, күзде әкетіп отырған [153].
ҚОСЖҮРЕК- шұңқыр, Қатонқарағай а.о. Белгілі бір жердің бет-
бедерін, географиялық нысанның көрінісін анық, бұл жерде жүрек
пішімін білдіретін тура мағыналы атау сөз [33,39б.].
М.: Жүрек тәрізді
шұңқыр [133]. М.:
Достарыңызбен бөлісу: