Катон-Верстка-01. indd


«Құйған» колхозының мал фермалары қатарласа қонған [14,62б.].  М.4: -Ал, енді байқа, Құйғанның



Pdf көрінісі
бет156/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

«Құйған» колхозының мал фермалары қатарласа қонған [14,62б.]. 
М.4: -Ал, енді байқа, Құйғанның тұсынан көшкі жүре бастапты, 
тасырлатпай абайлап өткейсің... [168,92б.].


176
ҚҰЛАҒАНЖАР – ж.а. Өрел а.о. Жергілікті тұрғындардың 
айтуынша, табиғат апаты нәтижесінде пайда болған жар атауы. М.1: 
Бұқтырма өзені тасыған кезде жағасын шайып, жарды құлатып 
кеткеннен қалған атау. [118]. М.2: Үлкен жары бар жер[100].
ҚҰЛАҒАНЖАР – жар, Өрел а.о. Жергілікті тұрғындардың 
айтуынша, табиғат апаты нәтижесінде пайда болған жар атауы, бұл 
географиялық мекен Аршаты мен Өрел аудандық округтарының 
ортасында орналасқан, сол себепті қайталанады. М.: Үлкен жар атауы. 
Тарғыбатай жайлауында орналасқан[109].
ҚҰЛАҒАНЖАР – қыстау, Өрел а.о. Тұрғындардың айтуынша, 
қыстау «Құлағанжар» географиялық нысанында орналасуы себепті 
осы атаумен аталып кеткен. Х.: Жер атауы Құлаған жар болғандықтан, 
қыстауда сәйкесінше осылай аталып кеткен[100].
ҚҰЛАЖОРҒА – ауыл. Атау құла жорға оқиғасына қатысты қойылуы 
мүмкін. М1.: Бұқтырма уезінің болыстығы[35,24б.].
ҚҰЛАЙҒЫР – ж.а. Жамбыл а.о. Жергілікті тұрғындардың 
мәлімдеуінше, жер атауы нақты бір оқиғаға байланысты қалыптасқан. 
Х.: Ол жерде жарыста бір құла айғыр мерт болған [105].
ҚҰЛААЙҒЫР – тау. Жамбыл а.о. Құла айғырға қатысты оқиға 
негізінде қалыптасқан атау. Қазақ тілінде екі дауысты қатар келмейтін 
болғандықтан, айтылуда бір «а» дыбысы түсіріліп айтылады [105].
ҚҰЛАТ – ж.а. Солоновка а.о. Құлаат оқиғасына қатысты қойылған 
атау болуы мүмкін. Қазақ тілінде екі дауысты қатар келмейтін 
болғандықтан бір «а» дыбысы түсіріліп «Құлат» деп айтылады. М.: 
Бір жағы Маланарымға ал екінші жағы Алтынбелге қарайды. 
ҚҰЛЕКЕ – ж.а. Өрел а.о. Антропотопоним. Жергілікті тұрғындар 
жер атауының пайда болуын кісі есімімен байланыстырады. М.: Кісі 
атына байланысты қойылған атау[118].
ҚҰЛЕКЕ – тау, Өрел а.о. Жергілікті тұрғындар жер атауының пайда 
болуын кісі есімімен байланыстырады. М.: Жалақты күңгейден жоғары 
тұр. Қойларды қыстатқан[100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет