179
ҚҰСТЫ – жайлау, Катонқарағай а.о.
«Құс» зат есімі мен «-ты»
жұрнағы арқылы жасалған топонимдік атау. Топонимдік атауға құс
түрлерінің көптігі негіз болған деп ойлаймыз. Өңір таулы, орманды жер
болғандықтан құс, жануар, өсімдік атаулыға өте бай. Құсты жайлауы
аудан аумағына кірмейді [196];[148]. М.:
Негізгі мал отарлары Маңырақ
пен Құстының төр жайлауына бет алғанда Ойсыл қара мен Зеңгі баба
табындары, содан соң кежегесінен кейін тартқан бес-алты бойкүйез
қойшы Шорғадағы қыстауларынан е ріне көшіп, Еспе бойында қаз-
қатар қалып қоятын[2,400б.].
ҚҰСТЫҚАМЫР – ж.а. Өрел а.о. Біріккен топонимдік атау, дөңестеу
келген жер. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл өңірде де құстың
түрі көп кездеседі.
Топонимдік атаудың екінші сыңары «қамыр»
Б.Бияровтың зерттеуінше: «моңғ. хамар/хамыр «дөңес, тұмсық, мойнақ;
су мүйісі» деген мағына береді [16,249б.].
М1.: Құстар көп болған соң
қойылған атау[118]. Х2.: Қарашоңғал тауынан кейінгі жер [119].
ҚҰСФЕРМЕ – ж.а. Жамбыл а.о Кеңестік дәуірде қалыптасқан
атау[120]. Жергілікті тұрғындардың айналысқан кәсібіне байланысты
қойылған атау болуы мүмкін
ҚЫДЫР – қыстау, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау.
Антропотопоним.
М.: Сарыбек қыстауынан кейін тұрған қыстау[100].
ҚЫЗ СУРЕТІ – ж.а. Өрел а.о. Қыз және сурет тіркесімі арқылы
жасалған топонимдік атау. Географиялық нысан атауының қалыптасуына
сол жерге салынған қыз суреті негіз болған. Ел
М.: Тарбағатай
жазығына шыға бергенде өте керемет салынған Европалық қыздың
суреті бар. Солдаттар салған дейді, бертінге дейін тұрған. 70-80
жылдары бір жігіт қайта жөндеймін деп бүлдіріп алды[154].
Достарыңызбен бөлісу: