178
сап-сары алқап жалындай лапылдап, қойнаудағы топ-топ қайың мен
пішен тиеген арбалар, шоқайып-шоқайып отырған шөмелелер толқын
үстінде қалқып жүргендей көрініп еді[170,103б.].
ҚҰРМАН БАСТАУЫ – бастау, бет, Алтынбел а.о.
М.: Майлыбайға
тіреледі. Алтай тауының бөлігі [121].
Қ Ұ РМ А Н И Я Т Е Р І С І – ж . а . Като н қ а р а ғ а й а . о .
Анторопотопоним[163]; [107].
ҚҰРСАЙ- сай, Қатонқарағай а.о. Жергілікті тұрғындардың
айтуынша, сайдың алдамшы қасиеті, яғни жаңбыр жауған кезде ғана суы
бар, ал жай уақытта құр, бос сайға осы атау негіз болған.
М.: Жаңбыр
жауғанда ғана суға толады. Жаңбыр жоқта су болмайды[133].
ҚҰРТ - жайлау, Аққайнар а.о. Географиялық нысан атауына Құрткөл
өзені негіз болған. М.:
Енді міне, Құрткөлде қой бағып, қыз өсіріп,
ұл өсіріп отыр. Күле амандасты. Кербездігі керзі етік киіп тұрса да
қалмаған [18,256 б.].
ҚҰРТТЫКӨЛ – көл, Аққайнар а.о. Тұрғындардың айтуы бойынша,
бұл атаудың қалыптасуына көлдің жаз мезгілінде шалшыққа айналып,
ұсақ шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға толып кететіні аатауға негіз
болған.
М.1: Бұл көл қар суымен жиналады. Одан кейін үлкен шалшық
болып жатады. Ешқайда ақпайды, содан құрт–құмырсқалар қаптай
бастайды. Сол себепті солай атаған[152]. М.:
Ақатай Құртты көлдің
басында отыр, бүгін сонда еру болып, Төрқуысқа ертең аттанбасақ,
аттар болдырып қалды, - деді. [18,256 б.].
ҚҰРЫМБАЙ – саз, Аққайнар а.о. Антропотопоним.[124]. М.2:
Бұның бала кезінде атасы қой бағушы еді. Жаз жайлайтын жерлері
төңірегін түгел орман қоршаған жасыл шалғынды жалпақ аңғар
болатын. Ортасындағы дөңгелек сазда қаз қаңқылдап, үйректер
сымпылдай ұшатын. Мына әндегі Құрымбай саз сол еді[11,158б.].
М3.: Қонғаны ауылымның-ау Құрымбай саз,охой, охохой. Жайлаған
ала жаздай-ау сары ала қаз, охой, охохой [11,158б.].
ҚҰСМҰРЫН – жайылым, Өрел а.о. географиялық нысанның сыртқы
көрінісінің ұқсастығына байланысты қойылған атау болуы мүмкін,
«
«Құс» сөзі әдеби тілде кеңінен қолданыс тапса, екінші құрамында
мұрын сөзі де адамның, малдың т.б. жануарлардың «иіс сезетін мүшесі»
ретінде қолданылады да құстың мұрыны демей, құстың тұмсығы деп
айтылады. Жалпы
мұрын, тұмсық сөздері географиялық атауларды
жасауға жиі қолданылады. Бұл жерде
Құстұмсық деп атаудың орнына
Құсмұрын түрінде метонимиялық жолмен айтылып тұр»[33,346б.]
Достарыңызбен бөлісу: