Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет157/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚҰМАРБЕК КӨҢІ – ж.а. Қатонқарағай а.о. Жергілікті тұрғындар көң 
атауын кісі есімімен байланыстырады.
 М.: Кісі есіміне қатыстырылып 
қойылған атау[148].
ҚҰМАРЖАН ШАПҚАН– ж,а,, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: 
Бұрындары марал ұстаған дейді [119].
ҚҰМАШҚОСЫ – жайлау. Антропотопоним. М.: Ақтомар 
жазығының үстінде[99].


177
ҚҰМДАҚ – жайлау, Өрел а.о. Географиялық нысанның өзіне тән 
ерекшелігін білдіретін, яғни жердің құмдауыт екенінен ақпарат беретін 
топоним. М.: Ашық жер. Бітеуден ары асып түскенде, Аршаты мен 
Берелдің екі ортасында[117].
ҚҰМДАҚ – Өрелдің шабындығы. Құмдауыт жер мағынасында 
тұр[149].
 
ҚҰМЖОЛ – ж.а. Өрел а.о. Жолдың құмды жерден өтетініне қатысты 
қойылған атау. М.1: Өрелден Аршатыға шыққан жолда сол жақта 
[111], М.2: Жол құм болғаннан кейін болуы мүмкін[108].
ҚҰНДЫЗДЫ – ауыл, Новохайрузовка а.о. Ауыл маңындағы суда 
құндыз жәндігі мекен ететін болғандықтан, су «Құндыздыкөл» аталып, 
ауыл сол судың атымен аталып кеткен. М.1: Судың жағасында құндызы 
көп болған жер [153]. М.2: Бұрын «Красный Пахарь», Парамоновка 
деп аталған. Қазіргі атауы – Құндызды. Қазіргі таңда 10 шақты ғана 
үй қалды[129]. 
ҚҰНДЫЗДЫ КӨЛ – көл, Новохайрузовка а.о. М.: Гүрілдеген осы 
сарқыраманың арғы жағында, сонау майсалы машақтың төсінде суы 
шәрбат Құндызды көлі жатыр айнадай жарқырап [8,7б.].
ҚҰРАҒАН - өзен, Өрел а.о. Ауданға көршілес, туысқан алтай тілінде 
құраған сөзі «қозы» мағынасында қолданылады. Биік асудан (Мұзтаудан) 
қозыдай шулап ағатын тау өзеніне берілген атау. Қазақша «шулаған» 
деген сөзге жақын [15,59б.]. М.1: Жалғыз Мәкиле дарасы емес, 
төмендегі Құраған, Түрген, Сақал өзендерінің аңғары, Елеңшадырдың ел 
көшкендей енсіз қапталы, жоғарыдағы Қапшалдың қапсағай жондары 
- бәрі-бәрі қазақтың жөңкіле көшіп, жазыла жайлаған жайлаулары 
болыпты [7,151б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет