Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет172/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

МАЛОНАРЫМ – ауыл. Жартылай орыс тіліне аударылып қойылған 
топонимдік атау. ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысынан бастап орыс 
тіліндегі географиялық атаулар ене бастаған. Тарихи-географиялық 
дерек беретін топонимдік атаулар деп анықтаймыз. «1863 жылы, тағы 
бір Ресей саяхатшысы А.Принтца өзінің «Каменщики» атты зерттеу 
еңбегінде орыс қоныс аударушыларының қалай келгенін баяндайды. Діни 
көзқарастарына байланысты қуғынға ұшыраған орыс босқындары алғаш 
1761 жылдары Тұрғысын өзенін бойлай келгендерін, одан соң Осочиха, 
Быкова, Синная, Коробиха, Верхняя Бухтарма, Мало Нарымская, Язовая, 
Белое, Фыкалка, Берел хуторларын салғанын жазады [84,32б]. «Бізге 
мәлім деректер бойынша, аз уақыт ішінде Ақсуды – Белое, Қоңыржон 
тау жотасын - Листвяга, Қалзыңды - Холзун, Бекалканы - Фыкалка, 
Басқарауылды - Мало Нарым, Шу өзенін – Черновая, Қызылжарды 


190
- Малокрасноярск деп өзгертіп үлгерген [166,376 б.]. М1.: Осындай 
мақсатпен бізді де бәйбішеміз екеуімізді, тағы да үлкен қызымның 
енесі – құдағиымыз бар үшеуіміз сенбі күні аудан орталығынан жиырма 
шақырымдай жердегі – Малонарым селосында құда-құдағиым үш-
төрт ай өткеннен кейін қонаққа шақырды[71,40б.]. М2.: Әбдіразақ 
қажының әйелін, үш келінін бала-шағасымен Үлкен-нарын бойындағы 
Малонарымка деген орыс селосында ұстап отырыпты. Бұл жер 
шекараға да, Қаратай еліне де бір табан жақын, бірен-саран жекжат, 
алыстан танитын адамдар болса керек. Солардың көмегімен Қабаш 
Белқарағай ауылының тұсынан туған-туысқандарын шұбыртып 
Құзғында асуына тартқан. Асудың қиындығы соншалық, таудың 
етегі толы тағының қаңқасы, бөктер өлексе мен жемтіктен үнемі 
борсып жататын көрінеді, басында қашанда сұңқылдаған құзғын 
кетпейтіндіктен «Құзғынды» атаныпты [3,227б.]. М3.: Тарихи атауы 
Бас Қарауыл болған [166,152б.].
МАМАЙЖҰРТ – ж.а. Өрел а.о. этноойконим. «Мамай» кісі есімі 
мен елді мекен атауларын жасауда өнімді болып табылатын «жұрт» 
сөзінің бірігуі арқылы жасалған топонимдік атау. Екі сөздің бірігуі 
арқылы атауға жеке меншіктік ұғым беріп тұр. Жұрт зат 1. Ел. Жұрт. 
[48,579б.]; [118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет