ҚАШ1= е т. 1. Бiр нәрседен қорқып безу,зыту. 2. Жанын қорғау
үшiн қауiпсiз жерге бас сауғалау, жылыстау[51,517б.]. М.: Марал көп жүретін жер. Сол жердің жоталарымен маралдар көшеді [
124].
МАРАЛҚАШҚАН – жайлау, Катонқарағай а.о. Зоотопономиялық
атау. М.: Қанайдан жоғары өрлегенде орналасқан [146].
МАРАЛҚАШҚАН – өзен, Аққайнар а.о. «Марал» зат есімі мен «қаш»
түбір етістігіне «қан» жұрнағының (есімше) жалғануы арқылы түзілген
атау. Мұндағы «-қан» есімше жұрнағы топонимжасамда белсенді,
қимыл-әрекетті білдіру мақсатында жұмсалып тұр. М.:Маңайында марал көп жүретін өзен. Сол жердің жоталарымен маралдар көшеді[124].
М1.: Елестетем көз алдыма Марқаны, Қалжыр болып тар түбектен аққанын[42,16б.]. М2.: «Маралқашқан» сарқырамасының теріскей жағындағы дөңгелек алаңшаға орналасқан пішеншілер қосының маңынан өңкей бір жастарды көріп келеміз [25,163б.].
МАРИЯҚҰЛАҒАН – ж.а. Ақсу а.о. антропотопоним. «Мария»
орыс тілінен енген кісі есімі мен «құла» қимыл атау етістігіне «-ған»
жұрнағының жалғануы арқылы жасалған топонимдік атау. Құлау ет.
1.Жығылу, мұрттай ұшу[52, 296б.]. М.: Мария есімді әйел жүгімен ауып, құлаған жер [
163]; [107].
МАРҚАС АСУЫ – асу, Қатонқарағай а.о. Зерттеуді қажет етеді. Х.:
Ирек асуы мен Байбөрі асуының тұсында[133].
МАСАБАЙ КӨҢІ – ж.а. Белқарағай а.о. антропотопоним. «Масабай»
кісі есімі мен «көң» зат есіміне «-і» тәуелдік жалғауының тіркелуімен
түзілген топонимдік атау. «Көң» сөзі «жұрт, ел» деген ауыспалы
мағынада қолданылып, «-і» - жалғауы арқылы жұрттың біреуге
тиесілі екендігін білдіру үшін жұмсалып тұр. Көң зат. 1. Қордаланып
қалыңдаған мал қиы [50,301б.]. М.: Бойында қайың, мойыл, қарақат, долана өскен[134].