Катон-Верстка-01. indd


МАМЫРБАЙ – сай, Алтынбел а.о. антропотопоним, М.: Жәрімбет  руынан шыққан шыққан беделді адам атына берілген [137]. МАҢДАЙША –



Pdf көрінісі
бет173/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

МАМЫРБАЙ – сай, Алтынбел а.о. антропотопоним, М.: Жәрімбет 
руынан шыққан шыққан беделді адам атына берілген [137].
МАҢДАЙША – жайлауға шығатын жол, Алтынбел а.о. «Маңдай» 
анатомиялық термині мен «-ша» жұрнағының жалғануы арқылы 
түзілген топонимдік атау. Бүл жерде «-ша» жұрнағы нысанды бірнәрсеге 
ұқсату мақсатын көрсетіп тұр. Маңдай зат. 1. Бастың жоғары жағының 
алдыңғы бөлігі [53,566б.]. М.: Маңдайға ұқсайды[121].
 М1.: Маңдайша, 
Төржайлау мен Тауасары Тұрғандай маған бола аласарып. [42,93 б.]. 
М2.: Маңдай (зат есім)+ша (кішірейту ұғымын білдіретін жұрнақ) 
сөздерінің бірігіуінен жасалған. «Маңдайға ұқсайтын тау бетіндегі 
шағын алаңқай» деген ұғым береді. Кейбір ғалымдар -ша, -ше жұрнағы 
ұқсату мәнін білдіреді дейді. М: Маңдайша – «маңдай сияқты» астауша 
– «астауға ұқсайды» т.б. [166,153б.].
МАҢЫРАҚ – жайлау, Катонқарағай а.о. Маңырақ, маңыра (етістік 
сөз) + қ (сын есім тудырушы жұрнақ) сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Жайлау атауы тауға қатыстырылып қойылған болса керек. 
Бұл өңір таулы аймақ болғандықтан жайлау атауын тау атауымен 
байланыстырып отырмыз. Ғалым Е.Қойшыбаев бұл атауды былайша 


191
тұжырымдайды: «Маңырақ - тау қырының аты. Сауыр тауының 
батыс жалғасы. Қазақша «маңырақ» формасы – көне түрікше 
йаңрақ сөзінің фонетикалык жағынан ауытқыған түрі, яғни, «тау 
қойнауы, қолтық мәніндегі атау» [187,109б]. Маңырақ жайлауы аудан 
аумағына кірмейді [196];[146]. М.1: Негізгі мал отарлары Маңырақ пен 
Құстының төр жайлауына бет алғанда Ойсыл қара мен Зеңгі баба 
табындары, содан соң кежегесінен кейін тартқан бес-алты бойкүйез 
қойшы Шорғадағы қыстауларынан еріне көшіп, Еспе бойында қаз-
қатар қалып қоятын [2, 400б.]. М.2: Қаратай атаның ұрпақтары 
Тарбағатай тауының Шығыс сілеміндегі Маңырақ маңындағы 
Қаракерей ағайындарына келіп паналайды[25,184б.].
МАРАЛ – көл, Аққайнар а.о. Зооним. Марал, бұғы атауымен 
байланысты топонимдік атаулар бұл өңірде өте көп кездеседі. Осы 
маңда маралдар көп мекендеген. Сол себепті қалыптасқан атау. Марал 
зат. 1. Аша тұяқтылар тобына жататын сүтқоректі ірі аң; бұғының 
ұрғашысы[53,752 б.]. М.: Діңгек жайлауының қасында орналасқан 
[152]. М2.: Ақсудың жағасында үш күн демалып, мұндағы ағайынның 
құрметіне рақметімізді айтып, енді Марал көліне қарай салт аттармен 
сапар шегіп бара жатырмыз[9,96 б.]. Осы Марал көлін, Бәйгекезең мен 
Көкжотаны, Науа аңғарын Шыңғыстай жұрты жайлаған. Қоңыр 
күз келіп, ел жайлаудан қайтқан шақта, Өскелеңнің асуына шыға бере 
кемпір кешек көшті тоқтатады екен. Әдетте, Өскелеңнің белесінен 
етекте кең көсілген Түйіскеннің дарасы, айнадай жарқыраған Марал 
көлі соңғы рет көрініс береді. Өскелеңнен арғысы етекке бастайтын 
құдима еңіс. Шыңғыстайдың кемпірлері осы арада қолдарын жайып, 
Марал көліне мінәжат етеді екен деседі[9,96 б.]. 
МАРАЛ – тау, Ақсу а.о. ороним. Маралдардың көп мекендеуіне 
байланысты қойылған атау, маралдың осы өңірде көп болғандығын 
айғақтайды. Маралдардың жазда тау құздарын мекендейтіні белгілі 
[112]. М.: Маралдай тауды аңсап тұра алмайсың, Биікке жетелейді 
асыл арман... [42,97б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет