194
тау аңғарындағы мұндай кең көсілген жазық алқапты «дара» деп
атайтын[5,39б.].
МАТАН – тау, Үлкен Нарын а.о. Антропотопоним[143].
МАТВЕЕВ – ж.а. Солдатова а.о. антропотопоним, орыс тілінен
енген фамилия негізінде қалыптасқан топонимдік атау. Орыс
қоныстанушыларының фамилия, есімдерінен қойылған ороним [127].
МАЯ ТЕКШЕСІ – тау, Катонқарағай а.о. Антропоороним. Кісі
есімімен байланыстырылып қойылған топонимдік атау. «Мая» кісі есімі
мен «текше» зат есімінің бірігуінен қалыптасқан топонимдік атау. Мая
биге қарасты жер атауы. Тау үстіндегі алаңқай жер. «-сі» топоформант
арқылы меншіктік мағынаға ие болған, «біреуге тиесілі» деген ұғым
беріп тұр.
Текше зат. 1. Үстірт жер, алаң жер [56,452б.].
Маятекше –
Найманның Қаратай руынан шыққан Мая бидің есімімен байланысты
топоним[160]. М.:
«Мая текшесінің басынан құлдырап түсетін әр
сайда бір бұлақ бар еді»[41,343 б.].
МӘЖІ – жайлау, Өрел а.о. Этнотопоним.
М.: Тарғыбатай
жайлауында орналасқан. Мәжі деген румен байланысты[109].
МӘКИЛЕ – дара, Өрел а.о. Антропотопоним, Мәкиле – Самай
руынан шыққан дәулеті тасқан, мерейі асқан атақты би болған кісі. М.:
-
Бұл алқапты Мәкиле дарасы деп атайды, - деді бұл өңірді бір адамдай
білетін орманшы Ағәділ Сүндетбаев. - Қазақтың шабынсыз жазын
іздесеңіз - осы жерге келіңіз. Мынау жайқалған жасыл белдің бәрі -
атбұршақ пен жонышқа. Бұрынғының қазағы бұл дараның шалғынын
малға шипа, малшыға дәрі санапты[7,150б.].
МӘКІБАЙ ТАУЫ – тау, Үлкен Нарын а.о. антропоороним. М:
Мәкібай деген кісінің атымен аталатын тау бар[153].
Достарыңызбен бөлісу: