ШАРЫҚТЫБҰЛАҚ – өзен, Катонқарағай а.о. Ойконим. Бұлақ
атауы негізінде қалыптасқан. Атау шарық және бұлақ сөздерінің
бірігуі арқылы жасалған. Шарық – аймақтық диалектіде құдықтан
су тарту үшін орнатылған ағаш бұтағы [57, 281б.] мағынасындағы
сөз. Яғни шарық орнатылған бұлақты сыртқы сипатына қарай осылай
атаса керек. М1.: Алда, әне, қар басып Шарықтыбұлақтың жазаңы жатыр көсіліп[23,20б]. М2.: Анау Шарықтыбұлақтан шеті басталып сонау Балақоңқайға дейін көсілген көкмайсалы өңірдің жасанды шөбі таң самалымен ырғала тербетіліп теңізше толқиды [25,150б.]. М3.: Шарықтыбұлақтың үні бағанағыдай құмығып емес, асқақ арынмен гүрілдей шықты[25,81б.]. М4.: Марқұм әкең көксей беретін жері бар еді, анау Шарықты бұлақтың Марқакөлге құяр сағасында иен жатқан алаңқай бар, акылдан безіп ауа көшіп кеткендердің алды-арты біз емеспіз, үйді жығып ертең таң құлан иектене аттанып кетейік сонда[21,20б.] ; М: Қара қабаға құяды [163], [107].
ШАТ – сай, Белқарағай а.о. Шат – таудың қойнауындағы жықпыл-
жықпыл терең сай [57,282б.] болып табылады. Олай болса, жердің
физикалық-гелграфиялық ерекшелігіне байланысты берілген атау болып
табылады. М.: – Сонау батыс көкжиектегі Майемер тауының екі жақтан түйісіп кеп жығылатын аңғарын көрдіңдер ме? Тұрғын ел оны Көтенсай, келін-кепшіктер Шат деп атайды[171,331б.]; [134].
ШАТЫРТАУ – тау, Өрел а.о. Шатыр (зат есім) және тау (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Таудың сыртқы пішін шатырға
ұқсату негізінде қалыптасқан. М: Шақабай тауынан кейін орналасқан тақырлау тау. Ерекшелігі ағаш өспейді[100].
ШАХТА – шахта.Шаңырақта (тау). [149]. ШАХТЫ – ж.а., Өрел а.о. Орыс тілінен енген кірме атау. М: Бұрында Хрусталь қазған. Бірақ ешқандай бағалы тас шықпаған соң, жұмысы тоқтаған[100].
ШАШТЫ – асу, Ақсу а.о. М.: Шаш (зат есім) + ты (туынды сын есім жұрнағы) тұлғаларынан заттану арқылы қалыптасқан атау. Моңғ. цас-«қар» +т (туынды сын есім жұрнағы) арқылы жасалған. Сонда Цаст- Шашты «қарлы асу» болып шығады [15, 194б.]; М: 12
метр ирегі бар[159].