Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет278/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШАРЫҚТЫБҰЛАҚ – өзен, Катонқарағай а.о. Ойконим. Бұлақ 
атауы негізінде қалыптасқан. Атау шарық және бұлақ сөздерінің 
бірігуі арқылы жасалған. Шарық – аймақтық диалектіде құдықтан 
су тарту үшін орнатылған ағаш бұтағы [57, 281б.] мағынасындағы 
сөз. Яғни шарық орнатылған бұлақты сыртқы сипатына қарай осылай 
атаса керек. М1.: Алда, әне, қар басып Шарықтыбұлақтың жазаңы 
жатыр көсіліп[23,20б]. М2.: Анау Шарықтыбұлақтан шеті басталып 
сонау Балақоңқайға дейін көсілген көкмайсалы өңірдің жасанды шөбі 
таң самалымен ырғала тербетіліп теңізше толқиды [25,150б.]. М3.: 
Шарықтыбұлақтың үні бағанағыдай құмығып емес, асқақ арынмен 
гүрілдей шықты[25,81б.]М4.: Марқұм әкең көксей беретін жері 
бар еді, анау Шарықты бұлақтың Марқакөлге құяр сағасында иен 
жатқан алаңқай бар, акылдан безіп ауа көшіп кеткендердің алды-арты 
біз емеспіз, үйді жығып ертең таң құлан иектене аттанып кетейік 
сонда[21,20б.] ; М: Қара қабаға құяды [163], [107].
ШАТ – сай, Белқарағай а.о. Шат – таудың қойнауындағы жықпыл-
жықпыл терең сай [57,282б.] болып табылады. Олай болса, жердің 
физикалық-гелграфиялық ерекшелігіне байланысты берілген атау болып 
табылады. М.: – Сонау батыс көкжиектегі Майемер тауының екі 
жақтан түйісіп кеп жығылатын аңғарын көрдіңдер ме? Тұрғын ел 
оны Көтенсай, келін-кепшіктер Шат деп атайды[171,331б.]; [134].
ШАТЫРТАУ – тау, Өрел а.о. Шатыр (зат есім) және тау (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Таудың сыртқы пішін шатырға 
ұқсату негізінде қалыптасқан. М: Шақабай тауынан кейін орналасқан 
тақырлау тау. Ерекшелігі ағаш өспейді[100].
ШАХТА – шахта. Шаңырақта (тау). [149]. 
ШАХТЫ – ж.а., Өрел а.о. Орыс тілінен енген кірме атау. М: Бұрында 
Хрусталь қазған. Бірақ ешқандай бағалы тас шықпаған соң, жұмысы 
тоқтаған[100].
ШАШТЫ – асу, Ақсу а.о. М.: Шаш (зат есім) + ты (туынды сын 
есім жұрнағы) тұлғаларынан заттану арқылы қалыптасқан атау. 
Моңғ. цас-«қар» +т (туынды сын есім жұрнағы) арқылы жасалған. 
Сонда Цаст- Шашты «қарлы асу» болып шығады [15, 194б.]; М: 12 
метр ирегі бар[159].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет