Катон-Верстка-01. indd


АҚШАРБАҚ – ж.а., Өрел а.о. Шарбақтың түсіне қатысты аталған  [154]. АҚШЕКЕ [ГОРА АКЧЕКА]



Pdf көрінісі
бет32/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

АҚШАРБАҚ – ж.а., Өрел а.о. Шарбақтың түсіне қатысты аталған 
[154].
АҚШЕКЕ [ГОРА АКЧЕКА] – тау. Таудың үстіңгі жақтағы бір 
бөлігі ақ тастардан тұрады, таудың аталу себебі осыған байланысты[68].
АҚШОҚЫ – қыстау, Жамбыл а.о. Қыстау «Ақшоқының» жанында 
орналасқандықтан, шоқының атын иеленген[105]. М.: Ақшоқының 
етегінде жартастың желкесінде көптен бері состиып балқарағайдың 
бір молағы тұратын. Балқарағайды бел ортадан жасын осып 
түскенімен, өзегі аман екен[8,53б.].
АҚШОҚЫ – қыстау, Новохайрузовка а.о. Қыстау Ақшоқының 
жанында орналасқандықтан, шоқының атын иеленген[144].
АҚШОҚЫ – тау, Қатонқарағай а.о. Шоқы – тау жонының, сондай – ақ 
ауқымды төбенің шошайып сүйірленген ең биік жері. «Ақ тасты шоқы» 
мағынасын береді. Мұндағы шоқы «шағын тау» мәніндегі географиялық 


59
термин Қазақстанда кең тараған[148]. М.1: Тәңірдің де тұрағы – жүрек 
пенен туған жер, Ақшоқының биігі өзіне тартар кіндік Төр. Аман 
тұршы, Алтайым, мәңгілік елдің биігі, Саған арнап жыр жаздым, ақ 
батаңды өзің бер![42,16б.]. М.2: Шыңдары Ақшоқының көз тартады, 
Ирек жол Марқакөлге апарады[42,216б.]. М.3: Міне, тағы да анау 
барған сайын сом бітімі тұмшалаған тұманнан аршылып, аршын төсін 
айқара ашып келе жатқан Ақшоқыға қарады. Ақшоқының түстігінен 
Қара шоқы қылтияды[18,10 б.]. М.4: – Атамды Ақшоқының басына 
өзім жаяу арқалап шығамын, - деді Қаршыға қабағын түкситіп[20, 
272б.]. М.5: Ақшоқының биігін күн шалып, төңірек ағара бастапты. 
Тау алқымын бөктерлеп, тағы жарты сағаттай жүрді[10,75б.]. 
М.6: Ақшоқының үстіне шығып алып: «Уа, әйел заты! Сендер ерлер 
алдында мәңгі борыштысыңдар, ол борыштың өтеуі – тек қана, бір 
ғана адал махаббат!» - деп жар салғым келді [20, 254б.]. М.7: Қиын-
қыстау мезеттерде көзін жұмса болды, көкше мұнардың арасынан 
ақ сеңгір арман тауы - Ақшоқы елес беріп, жүр-жүрмен азғырғандай 
тым алысқа «ауалап» шақыратын[21,16б.]. М.8: Түстік қанатында 
сыңсыған қара орман, қара орманның төрінде ұшар басы күмісше 
жалтырап Ақшоқы қасқаяды[8,6б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет