73
ӘТЕЙ – ж.а., Алтынбел а.о. Антропотопоним.
М.1: Әтей аталуының
себебі, Жәрімбет руынан шыққан беделді адам атына берілген. Байжан
балаларына енші қылып Әтей жерін бөлгенде Бергіәтей, Арғыәтей,
Айбалта деп бөлінген. Сәйкесінше, Бергіәтейді Байжанның ұлы –
Байтоқ, Арғыәтейді Битоқ, Айбалтаны Боранбай деген балаларына
еншілеп берген[137].
М.2: «Үштөбенің маңындағы Әтей деген жердегі
қыстауының маңына жерленіпті»[41, 176б.].
ӘТЕКЕ ЖҰРТЫ – жұрт, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним.
М.: Қаражердегі бұлақ атауы. Сол жерде мал баққан адам есіміне
байланысты қалған атау[133].
ӘУЛИЕ – бұлақ, Өрел а.о. Ел ақтық байлап, басына тәу ететін
бұлақтарды атайды. Жер мен суға табынудан қалған көне түркілік
дәстүр[154].
М.: Сиғат машинадан түсе салысымен Әулие бұлаққа
бетін шайып білегін сыбанып су ішті де бір қыдыру жерді жеңілтек
айналып қайтқан еді[171,309б.].
Достарыңызбен бөлісу: