Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет47/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   305
ӘБІЛБАЙТОҒАЙ – ж.а., Жамбыл а.о. Антропотопоним [120].
ӘДЕМІБАЛАПАН – ж.а., Жамбыл а.о. Бұл жер атауы әдемі балапан 
ағаштарға қатысты қойылған атау [120].
ӘДЕМІСУ – Барынду. 1-н.: Кісі атына байланысты қойылуы мүмкін; 
2-н.: су өтетін жердің табиғатының көркемдігіне қатысты қойылуы 
мүмкін [149].
 
ӘК–(МӘК)- жайлау. Жамбыл а.о. Жердің табиғи ерекшелігіне, яғни 
топырағының құрамында әк болуына қатысты қойылған атау[149].
 
ӘКІМИ ҮҢГІРІ – үңгір, Белқарағай а.о. Антропотопоним. М.: 
«Топқайың ауылының тұсындағы, Бұқтырманың арғы бетіндегі жыныс 
шаттан үңгір қазып, уақытша мекен етеді (ол үңгірдің сорабы әлі бар 
«Әкіми үңгірі» атайды»[41,65б.].
ӘКІШТАЙ САЙ – сай, Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
ӘЛЕН/(ОЛЕНЬ) – ж.а., Аққайнар а.о. Антропотопоним[165].
ӘЛПИШҰҢҚЫР – шұңқыр, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Тау 
арасындағы терең шұңқыр. Күйгенқорадан кейін[100].
ӘЛІБЕК – өзен, Берел а.о. Антропотопоним [101].
ӘПИЖАН КӨҢІ – ж.а., Катонқарағай а.о. Әпижан атты адамның 
мекен еткен жұрты (катонқарағайлықтар жұрт сөзін, көбінесе көңі 
деп қолданады.) М.: Мойнақтан жоғары өрлегенде орналасқан [132].
ӘСКЕРҚОС – қос, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Күртінің 
Астында орналасқан[100].


73
ӘТЕЙ – ж.а., Алтынбел а.о. Антропотопоним. М.1: Әтей аталуының 
себебі, Жәрімбет руынан шыққан беделді адам атына берілген. Байжан 
балаларына енші қылып Әтей жерін бөлгенде Бергіәтей, Арғыәтей, 
Айбалта деп бөлінген. Сәйкесінше, Бергіәтейді Байжанның ұлы – 
Байтоқ, Арғыәтейді Битоқ, Айбалтаны Боранбай деген балаларына 
еншілеп берген[137].
 М.2: «Үштөбенің маңындағы Әтей деген жердегі 
қыстауының маңына жерленіпті»[41, 176б.].
ӘТЕКЕ ЖҰРТЫ – жұрт, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М.: Қаражердегі бұлақ атауы. Сол жерде мал баққан адам есіміне 
байланысты қалған атау[133].
ӘУЛИЕ – бұлақ, Өрел а.о. Ел ақтық байлап, басына тәу ететін 
бұлақтарды атайды. Жер мен суға табынудан қалған көне түркілік 
дәстүр[154]. М.: Сиғат машинадан түсе салысымен Әулие бұлаққа 
бетін шайып білегін сыбанып су ішті де бір қыдыру жерді жеңілтек 
айналып қайтқан еді[171,309б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет