71
АША – жайлау, Катонқарағай а.о. Жайлаудың екі жағынан сай
арқылы екі бұлақ ағып келіп қосылады. Екі айырық суға қатысты жер
атауы Аша аталған.
М.: Қызылсиыр асуынан ары қарай орналасқан.
Үлкенаша, КішіаАша жайлаулары деп бөлінеді[132].
АЩЫ- Өрелдің қыстағы. Қыстақ сол жердегі Ащы аталған нысан
атымен аталған. Қазақы танымда ащы деген атау, көбінесе, сол жердегі
судың не болмаса
шөптің құрамы ащылау болса, қойылады[149].
АЩЫЛЫБҰЛАҚ– бұлақ, Жамбыл а.о. Мал ащылағанда келіп, су
ішетін бұлақ.
М.: Суы ащы емес[105].
АЮАЛАҢЫ – ж.а., Жамбыл а.о. Аюлар жиі келіп- кетіп жүретін
алаң[120].
АЮАЛҒАН – ж.а., Аққайнар а.о. Аталған ауданның тұрғындары
аңшылықты да кәсіп етеді. Кезінде аңшылар артелі де болған. Бұл
жердің осылай аталуына аю соғып алған оқиға себеп болған[126].
М.1: Атпен бірер сағат жүріп, қалың орманның ішімен қабырғалай
өрлеп, Тасшоқының теріскей иығына көтерілдік. Тасшоқының біз
тұрған иығы Маралқашқан асып, келесі жағы Аюалғанға құлайды
екен. Бұл тұс – сирек өскен мұқыр балқарағай болмаса, тайдың
төсіндей тақыр жон[6,20б.]
М.2: Елімнің бір жайлауы – Аюалған,
Жасымнан құрғанымның бәрі сайран. Бұлғақтап, асау тайдай жүрген
басым, Барады бізден қалып, сөйткен жалған. Елімнің бір жайлауы
- Құрымбай саз, Жайлаған алты ай жаз, сарыалақаз. Таңдағы туып
батқан Шолпандайын, Қайтейін, уа, дариға, ғұмырым аз. Елімнің бір
жайлауы - Шұбарағаш, Тасшоқы, Маралқашқан, қалың ағаш. Үстіне
Өскелеңнің шыға келсең, Көрінер көл жағасы жап жалаңаш[104].
Достарыңызбен бөлісу: